Халықтың тамақтануында ақуыз-энергия жетіспеушілігі мәселелерінің гигиеналық аспектілері.
2. Мақсаты: халық арасындағы ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік ауруларын алдын алу шаралары және мәселелерін зерттеу.
3. Лекция тезистері:
Тағам заттары жетіспеушілігімен белгіленген алиментарлы аурулардың ішінде практикалық маңызыдысы болып ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік табылады. Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілікке алиментарлы дистрофия, квашиоркор және алиментарлы маразм (квашиоркорде ақуыз жетіспеушілігі басым болса, алиментарлы маразмде энергия басым болады). Ақуыз-калорийлік жетіспеушілік көбінесе 2 жасар балаларды зақымдайды, ал 4 жастан және одан әрі аз зақымдайды. Ақуыз-калорийлік жетіспеушілік әсері кейін үлкен жастада сақталады. Бұзылған функцияның қалпына келуі жай және толығымен келмейді. Ал бойы мен психикалық дамуы ұзақ жылдарға қалып қояды. Жас өспірімдік шақтан өткен соң ауру симптомдары өзгереді.
АЛИМЕНТАРЛЫ ДИСТРОФИЯ – жалпы жүдеумен, барлық зт алмасу бұзылуымен, тіндер мен органдардың функциясының бұызлуымен және дистрофиясымен көрінетін ұзақ тамақтану жетіспеушілік ауруы.
Ағзаға тағамдық заттардың аз түсуі мен сіңірілмеуі экзогенді және эндогенді (ісіктік, өңештің,асқазан қалтқысының тыртықтық тарылуы, асқорыту, сіңіру жетіспеушілік синдромы,) себептер болып табылады. Маңызды болып абсолютты ғана емес, сондай-ақ салыстырмалы (физикалық жұмыстың пропорциялық емес жасалуы) тағамның калориясының төмендеуі, тағам рационының сапалық өзгерісі, әсіресе ақуыз дефециті (басты болып жануар), майлардың жетіспеушілігі; алмастырылмайтын аминқышқылдарының, май қышқылдарының және дәрумендердің (бірінші кезекте майда еритін) жетіспеушілігі.
Алиментарлы дистофияның сатысын ажыратады. І стадия тамақтанудың төмендеуімен, поллакуриямен, аппетиттің жоғарылауымен, шөлдеу, ас тұзын қабылдауының жоғарылауыме көрінеді. Науқастың жалпы жағдай тез нашарламайды. ІІ сатыда анық азумен қатар науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, бұлшықет әлсіздігі, жұмысқа қабылеттілігі төмендейді, аяқта гипопртотеинемиялық ісіну көрінісі болады, дененің біркелкі гипотермиясы көрінеді. Жоғары аппетит және шөл, поли- және поллакурия, әр-түрлі органдарда бастапқы дистрофиялық өзгерістер, психика өзгерістері көрінеді. ІІІ астыға кахексия, тері асты май қабатының толық жойылуы, бұлшықет атрофиясы, өткір әлсіздік (өзіндік қозғала алмайтын дәрежеге дейін), апатия, психиканың айқын өзгерісі, парестезиялар, полигиповитаминоз, жүрек, б.йрек жетіспеушілік көріністері, анемия, қинайтын тиектер, жиі ұзақ жатқаннан ойылулар. Кейіннен айқын гипотермия (дене температурасы кей жағдайларда 300 С түсіп кетеді), гипотензия, ацидоз; көп жағдайда аштық кома немесе кенеттен өлім болады.
Квашиоркор (kwashiorkor Гана түпкі тұрғындарының тілінде «алтын бала» немесе «қызыл бала») – балаларда тамақтанудың ақуыз жетіспеушілігінен болатын ауыр бұзылыс. Гипотрофияның ерекше түрі болып табылады. Көбінесе дамушы мемлекеттедрде көрініс алады. Квашиоркорға ұқсайтын, бірақ жеңіл өтетін, КСРО-ның кейбір мемлекеттерінде, әсіресе Орта Азияда көрініс алады. Көп жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларда, анасының сүтінен кейін басталады.
Өте сирек симптомдарының бірі болып, нәрестелердің ішінің ісінуі (асцит), Африканың кедей аймақтарында кездесеуі, маниок шумақшаларында аз мөлшерде ақуыз құрауынан болады (1,2 %).
Алиментарлы маразм – бұшықет атрофиясымен, тері асты май қабатының болмауымен және дене салмағының өте төмен болуымен көрініс алатын жағдай. Осының бәрі ұзақ уақыт бойы аз калориялы тамақ қабылдау есебінен, сондай-ақ тамақта ақуыз және пайдалы заттардың болмауынан пайда болатын жағдай. Сонымен қатар маңыздысы инфекциялық аурулар болып табылады.
Өмір сүру жағдайнының төмен болуымен урбанизацияның өсуі алиментарлы маразмге алып келеді. Маразм ол қалалардағы кедей түпкірлерге тән болса, квашиоркор – ауылдық аймақтарға тән. маразм симптомдары, яғни оның ішіндегі негізгі ролді калорий жетіспеушілігі алады, ақуыздық және калориялық жетіспеушілігіне қарап өтіп кетеді
Алдын алу. Алдын алу негізі болып дұрыс рационалды тамақтану, әр-түрлі азық-түліктерді, дәрумендерді қолдану болып табылады.
Квашиоркорды алдын алу жас шақтағы балалардың рационалды тамақтануы (бірінші жылы табиғи тамақтандыру, уақытылы және дұрыс тамақтануды жүргізу, рационда сүт тағамдарын санының көп болуы). Принциптік маңызды болып уақытылы және адекватты акуыз жетіспеушілігіне алып келетін аурудың жазылуы болып табылады.
4. Көрнекі материал: 20 слайд
5. Әдебиеттер:
1.Нутрициология : учебник / Л. З. Тель. — Алматы : ТОО «Эверо»
2. Терехин, С. П. Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах : учеб.-методическое пособие. — Алматы : Эверо
3. Гигиена питания: учеб.для студ. высш. учеб. заведений/Королев А.А.-М.: Издательский центр «Академия», 2006,-528
4. Гигиена питания : учеб. пособие для студентов / подгот. М. В. Ли, А. Б. Бужикеева, С. А. Быкыбаева . — Алматы : Эверо
5. Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания – Алматы: Баспа, 2000. – 224с.
6. Терехин С.П., Ахметова С.В. Лечебное питание (учебно – методическое пособие). Караганда. – 2005. – 385с.