Жоспар
Солтүстік Қазақстан негізінен темір, тас көмір өндіруге,электр қуаты, ферроқорытпа, алюминий өндірісіне, мұнай өңдеуге маманданған. Сонымен бірге мұнда АӨК-ң ауыл шаруашылығы салалары (астық және мал шаруашылығы), тамақжәне жеңіл өнеркәсіптері дамыған.
Тау-кен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың 1960 жылы дамибастағанмен, аудан экономикасында қазіргі уақытта маңыздырөл атқарады. Қара металлургия темір көнін өндіру мен оны байытуға негізделген. Ол Соколов-Сарыбай және Лисаков КБК болып табылады (шөгінді қабаттардағы кен орындары). Кендегітемірдің мөлшері орта есеппен алғанда 34,3%, бірақ оны пайлаланудағы бір мөселе оның құрамында фосфор болуы(0,48%). Кәсіпорын кен қорымен 80 жылға қамтамасыз етілген. Ақсу ферроқорытпа зауыты темірдің кремниймен, марганецпен, хроммен қорытпасын өндіруден республикада 1-орын алады. Олшикізат ретінде Батыс Қазақстанның хромитін және ОрталықҚазақстанның марганец кендерін пайдаланады. Түстіметаллургия салаларынан боксит өндіру дамыған (Арқалыққаласының маңында). Алюминий шикізаты дүние жүзіндегі ірізауыттардың бірі саналатын, алюминий тотығын өндіретінреспубликадағы жалғыз Павлодар алюминий зауытынажіберіледі.
Мұнай өнімдерін еңдеуден шығаратын зауыт Павлодардажұмыс істейді. Республика бойынша 2-ші орында (жылына 2 млн тоннадан жоғары). Солтүстік Қазақстанның машина жасаужәне металл өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары шығаратынөнім-ауыл шаруашылығы машиналары — АӨК-ке қызмет етеді.Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарса, Павлодарда — тракторлар, Макинскіде — олар үшін қосалқы бөлшектер, ал Қалқаманда — бульдозерлер шығарылады. Бқл салалартасымалданып әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстанда куатты электр стансалар — Екібастұздағы МАЭС-1 (куаты 4 млн кВт/сағ) ЖӨН6 МАЭС-2 (1 млнкВт/сағ). Кісібастұз және Майкүбі алаптарында тек Қазақстанды ғана емес, ЖЭС—терін қамтамасыз ететін қоңыржәне тас көмір өндіріледі. Құрылыс өнеркәсібініңкәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларыншығарады (Астана мен Қостанай). Құрылыста пайдаланылатынтастарды Атбасар мен Шортанды карьерлерінен алады. Бұданбасқа, жергілікті құрылыс материалдарын — тас, саз, пістастықолданады.
Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамығанАӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан — еліміздің ең үлкенастықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егіншаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгімаманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) — жаздық бидайөсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтарыСолтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарындаорналасқан (3 млн га-дан астам).
Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық псіріледі. Экономикалық аудан жалпы астықжинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады (67%), соныменбірге оның басым белігі үш облыстың — Ақмола, СолтүстікҚазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, қыша т.б) көпемес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары — республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%- ын құрайды.
Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкөніс, картоп және бақша дакылдары өсіріледі. Бұл дақылдардың жалпы жиынтықүлесі 15%, бірақ бұл аймақтың бүкіл халқын қамтамасыз етугежеткілікті. Аймақтың ауыл шаруашылық жерлерінің басымбөлігін (25%- дай) азықтық дақылдар — көп жылдық шөптесінөсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша алып жатыр. Аймақтасүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатынжайылымдық және шалғындық жерлер де мол. Сонымен қатарқой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары да дамыған.
Тамақ және жеңіл өнеркәсіптердің дамуына ауыл шаруашылық базасының бай болуы ықпалын тигізеді. Тамақөнеркәсібі салаларының (ет, ұн тарту-жарма, сүт, май шайқау) аймақ экономикасында алар орны ерекше.
Сүт және май шайқау салалары сары май, ірімшік, құрғақсүт өндіруге маманданған. Аймақ бойынша орта есеппен жанбасына шаққандағы орташа республикалық, көрсеткіштен 2 есекөп. Барлық қалаларда (кейбір ауылдық елді мекендерде) жеңілөнеркәсіп кәсіпорындары бар. Олар тері, тоқыма және тігінөнімдерін шығарады.
Аймақтағы тасымалданатын жүктің 20%-дан астамы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Осылардың нәтижесінде СолтүстікҚазақстанда төмендегідей аумақтық өндірістік кешендер мен өндіріс тораптары қалыптасқан. Павлодар-Екібастұз АӨК (Павлодар, Ақсу, Екібастұз) экономикалық ауданшаруашылығының негізі. Көмір, электр қуатын, ферроқорытпажәне алюминий тотығын өндіретін ірі көсіпорындарданкұралған. Трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жа— сау, химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптері де дамыған. Ақсуфер— рокорытпа зауытының өнімі өлемдік нарықта үлкенсұранысқа ие.
Ақмола өнеркәсіптік торабы. Құрылыс материалдарынөндіру, ауыл шаруашылық, машиналарын жасау, тамақ жәнежеңіл өнеркәсіп салаларынан тұрады.
Еліміздегі және көршілес Ресей аймақтарындағыметаллургиялық кәсіпорындардың шикізат базасы Қостанайөндіріс торабы болып табылады. Оның құрамына темір кендерінөндіру мен байыту кәсіпорындары жұмыс істейтін Қостанай мен Рудный кіреді. Сонымен қатар онда жеңіл және тамақөнеркәсіптері де дамыған.
Көкшетау өнеркәсіп торабында оттегімен дем алдыратын аппаратуралар, әр түрлі салмақ өлшейтін құралдар шығарылса, ал Арқалықта — боксит өндіріледі.
Петропавл өнеркәсіп торабы көлік қозғағыштары, тамақжәне жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданған.