Жоспар
Қарағанды облысы ауданы 428 мың км², халқы 1339 мың адам, орташа тығыздығы:3,1 адам/км². Орталық Қазақстан — республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б.пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайынын. қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы казба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған.Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді.Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.
Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отансоғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметініңбатыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстанабастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адамтұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы ауданхалқының 34%). Екінші орында Теміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалықаудан (85%).Ауыл халкы біркелкі орналаспаған. Халықтыңтығыз орналасқан аймақтарына — ауданның солтүстігі, өзеналаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларыныңмаңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-дықұрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетінқаржы көлемі 1,5 есеге көбейді.[1]
Орталық Қазақстан — республикамыздағы ірі индустриалдыаудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнімшығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланғанқоры — отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуғамүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешенікалыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібікіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөлатқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Ондареспубликада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі. Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөніненТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда(Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұлжерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешендітүрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстандашығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-ТеміртауАӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп тораптарыорналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы жәнетемір жолмен байланысады.Қарағанды— Теміртау АӨК (еңқуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптаскан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркөсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск калалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар жөне т.б. кенттер кіреді.Бұл кешенде металды көп кажет ететін машина жасау және негізгі химияның салаларыдамыған.АӨК-ні сумен Ертіс — Қарағанды каналы жөне Нұрасу қоймасы камтамасыз етеді.Балқаш және Жезқазганөнеркәсіп тораптары, толық циклді мыс өнеркәсібініңдамуына байланысты қалыптасқан тау-кен байыту комбинаты (оның құрамына кен орны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары) жұмыс істейді.Орталык Қазакстанныңөндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсеретеді. Зиянды калдықтарды азайту үшін кәсіпорындарөнімдерінің калдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт кышқылыөндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайткышы, тас көміршайыры,бензол шығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылынөндіруден Орталык Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.