Онкологиялық аурулардың дамуындағы тамақтанудың рөлі.
2. Мақсаты: онкологиялық аурулардың дамуында тамақтанудың рөлін зерттеу және оны алдын алу шаралары
Лекция тезистері:
Қазіргі таңда онкологиялық аурулар өлім бойынша екінші орынды алады. 2000 ж. рактың 10 млн жуық жаңа жағдайлары тіркеліп, 6 млн. онкологиялық патологиядан көз жұмған. 2000 жылдан 2020 ж. аралығында ракпен ауыратындар саны қартайған халық санының өсу есебінен дамушы мемлекеттерде — 73% өссе, дамыған мемлекеттерде — 29% өсетіні дәлелденген.
Ісіктің дамуына алып келетін белгілі факторлар қатарына темекі тарту, алкоголизм, инфекциялар, радиация және артық дене салмағы мен семіздікке алып келетін тамақтанудағы дисбаланас.
Дамушы мемлекеттерде онкологиялық аурулардың 30% жағдайын алиментарлы фактор себеп болса, тек темекі тартудан қалып тұрған, кейбір рак түрлеріне тамақтану ролі өте зор болып табылады. Дамушы елдерде канцерогенді фактор ретінде ерекше орынды афлатоксиндер алады.
Заманауи ғылымдар қатерлі ісік себептері болып қоршаған орта, сонымен қатар, тамақтану екендігін атап көрсетті. Қатерлі ісік тамақтанудың арнайы факторларына, жүрек-қантамыр ауруларына қарағанда айтарлықтай тәуелді емес. Бірақ тамақтанудың әсері қатерлі ісік жиілігіне әсері айтарлықтай. Дамыған мемлекеттерде қатерлі ісік жиі таралған және оның салдарынан өлім жиілігі барлық өлім жағдайларынан » ¼ құраса, кейбір эпидемиологтар қатерлі ісік ер кісілерде 30-40% , ал әйелдерде 60% дейін тамақтану салдарынан құрайтынын айтады.
«+» — оң байланыс; қолдану жоғарлауы және қатерлі ісік қаупі жоғарлауы;
«-» — теріс байланыс; қолдану жоғарлауы және қатерлі ісік қаупі төмендеуі.
Бос торлар – байланыс дәлелдігі мен мәліметтер жоқтығы.
Ерекше қатты байланыс болып тоқ ішек қатерлі ісігінде көрінеді, бірақ бұл байланыс сүт безі қатерлі ісігінде өте төмен байқалады. Эксперименталды мәліметтер бойынша полиқаныққан майларды көп мөлшерде қолданғанда жағымсыз әсер ететінін көрсетеді.
Өкпе, тоқ ішек, өңеш және асқазан қатерлі ісік ауруларының төмен жиілігі рационда өсімдік өнімдеріне бай, әсіресе жасыл және сары көкөністерге толы, сондай-ақ цитрустардың болуымен байланысты. Осындай тағам рационда құрамында қаныққан май өте аз және крахмалға, тағам талшықтарына және кей дәрумендер мен минералды заттарға бай болады.
Алкогольді ұзақ қабылдаған кезде АСЖ жоғарғы бөлімдері мен бауыр қатерлі ісігіне алып келеді. Артық дене салмағы эндометрий және сүт безі қатерлі ісігіне алып келетін қауіп фактор екені айқын.
Май қабылдаумен байланысты қатерлі ісік қауіпін төмендету үшін тағам рационының 30% аз май жалпы калориясында болуы тиіс. Қауіпті тағыда жалпы диета ұстап тамақтану компоненттерін ауыстырып 30% дейін майды азайтқанда төмендетуге болады.
Дәлелденген ғылыми мәліметтер бойынша онко ауруларды соның ішінде: өкпе, тоқ ішек, өңеш және асқазан қатерлі ісік ауруларының төмен жиілігі рационда өсімдік өнімдеріне бай, әсіресе жасыл және сары көкөністерге толы, сондай-ақ цитрустардың болуымен байланысты. Осындай тағам рационда құрамында қаныққан май және алколді аз қабылдаумен, маринадталған, сүрленген, және тұздалған өнімдерді аз қолданумен байланысты.
4. Көрнекі материал: 29 слайд
5. Әдебиеттер:
1.Нутрициология : учебник / Л. З. Тель. — Алматы : ТОО «Эверо»
2. Терехин, С. П. Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах : учеб.-методическое пособие. — Алматы : Эверо
3. Гигиена питания:учеб.для студ. высш. учеб. заведений/Королев А.А.-М.: Издательский центр «Академия», 2006,-528
4. Гигиена питания : учеб. пособие для студентов / подгот. М. В. Ли, А. Б. Бужикеева, С. А. Быкыбаева . — Алматы : Эверо
5. Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания – Алматы: Баспа, 2000. – 224с.
6. Терехин С.П., Ахметова С.В. Лечебное питание (учебно – методическое пособие). Караганда. – 2005. – 385с.