Марат Көптілеуов

1957 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Мамандығы мұғалім. 1990 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтының «Бастауыш оқудың педагогикасы және методикасы» факультетін бітірген. Мектепте мұғалім, оқу- тәрбие ісінің меңгерушісі, аудандық білім бөлімінде және мәдениет Үйінде әдіскер болып қызмет атқарған. Сатиралық жанрда жазатын ақынның өлеңдері аудандық. Облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып жүр. 2008 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлдесін жеңіп алған. «Сырты бүтін, іші түтін» атты сатиралық жинағы жарық көрген.

            Таныстыру

Марат Сыдықұлы Көптілеуов-

Мерзімді баспасөзде көп жылдан

Көрініп жүрген, жазғанын жинақтай алмай

«Ерініп» жүрген ,

«Қазалының Көпені » атағын алған ,

Шындықты бетке айтам деп

Талайдың батасын алған,

Миығынан мысқылы,

Аузынан шылымы «тойыс»әзілі

Қолынан шоқпары,кешірерсіз қаламы түспеген,

Әзілсүйер Сыр еліне таныс сықақшы .

Мамандығы- мұғалім,һәм суретші

Отбасында бес баласы,бір әйелі бар.

Туған жері-Жаңақорған

Тұрған жері-Жаңақазалы

 

«Мәжіліс»

 

Кезекті отырыста

«Арандап қалған аралды-

Қорғап қалу мәселесі қаралды

Жұрттың бәрі ойланды,

Әрі ойланды,бері ойланды

Ал Еркең кері ойланды:

-Көп ойлануға уақыт тар ,

Тақырға айналған теңізді

Толтырар ұсыныс бар!

«Көп түкірсе -көл деген»»

Бәріміз жабылып

Түкірейік

Сүйтіп бұл істі бітірейік.

Иә,сонда көл болады,

Яғни көкейтесті бір мәселе

Нөл болады»-деді

Содан не керек

«ах,туф,те ах,туф!»

Ал біз іс соңын бақтық.

Мақалдан пайда болмаған-

Көл ақымақ па,

Ерекеңе ерген ел ақымақ па?..

Тіфә,тіфә…

 

Бұл кім?

Ісі түскен күні

Іші-бауырына кіріп кетеді.

«Есегі судан өткен» соң,

Ішек-қарныңды ақтарып шығып кетеді.

 

Мұндайды жұрт не дейді? 


Ерте, ерте, ертеде, 
кесіртке құйрығы келтеде, 
бар еді бір мекеме. 
күндердің бір күнінде, 
сатын салып су тегін, 
кетті айналып жекеге. 
басы айналып бақыттан, 
бастығының көздері
жылжып кетті шекеге. 
сақалы бар сәпсиған, 
мұйызы жоқ ешкі еді. 
тылсым күш қолдап бір демде, 
айналып кетті текеге. 
озы патша, хан болды, 
аузынан шыққан әрбір сөз, 
бұлжымайтын заң болды. 
сүйіктісі жанында, 
сүйкімдісі «Зам» болды. 
озгертті ол штәтті, 
сұйтып, 
сүйкімсіз ұзынтұраны қысқартты. 
қысқаны қысып жіберді. 
алдап-сулап пайдаланып, 
аузын «Ысып» жіберді. 
бірдеңе дегісі келіп еді, 
«Құсып-құсып» жіберді. 
бара қалсаң қасына, 
озын-озы мақтайды. 
сүйікті, сүйкімділері
басын шұлғып жақтайды. 
басқаға басы ауырмас, 
мұртын балта шаппайды. 
мысқылдайды, шенейді, 
тойынған не демейді! 
менсінбей қара халықты, 
шулаған қарғаға теңейді. 
ал қарға ма сонда өзі, 
мұндағы жұрт не дейді?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *