Көлік жүйесі: құрылымы, негізгі көрсеткіштері, даму динамикасы

Жоспар:

1 Көлік — экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі

2 Құрлық көлігі

3 Су көліктері

4 Әуе көлігі

5 Көлікті аумақтық ұйымдастыру

6 Байланыс

Көлік- экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол ендіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру — елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.

Көлік 4 қурамдас бөліктен тұрады. Ол — көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшактар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ірйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-тусіру пункттері (теңіз және «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз — адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік турлеріне бөлінеді.

Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Қатынас жолдары жеткіліксіз. Олардың сапасы да жоғарғы дәрежеде емес (әсіресе, автомобиль жолдары). Бұнымен қозғалыс жылдамдығының темен болуы, яғни көлік «артерияларының» өткізу қабілетіне де байланысты. Ескірген келік құралдары әлі қолданылады. Осыған байланысты жылдам дамып келе жатқан экономика мен оған «үлгіре алмай» келе жатқан көлік кешенінің арасында диспропорция (сәйкессіздік) пайда болды.

Оның жұмысын жақсарту үшін, жасалған қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк кетергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру қажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады.

Келікте өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері — тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннің әр саласының еңбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар.

Құрлық көлігі — біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар — Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес.

Темір жолдар Қазақстанда XIX ғасыр аяғында пайда болды. Оның аумағынан тұңғыш ірі жолОрынборТашкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізінелдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистральдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойыменбағытталған 3 магистраль: ОрынборТашкент, ТүркістанСібір, Трансқазақстан және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір мен Оңтүстік Сібір бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар» келіп тоғысады.

Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібіржәне Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамысалалардың үлесіне тиеді.

Автомагистральдардың жалпы ұзындығы 93 мың километрдей. Елдегі жол желісі әр түрлі. Ол негізінен теміржолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиіболып келетін аймақ — Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз.

Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын келік құралына айналды (2008 ж. — 3,2 млн астам бірлік) ал автокөлік жүк (3/4) және жолаушы (99%) тасымалының талассыз кешбасшысы болып табылады.

Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері — құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді. Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болыпкеледі, ал құрылысы кепарзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде кеп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан құбыр жүйесі ең арзан келік түрі болып саналады.

Қазақстандағы құбыр жүйесі дамыған аймақ — Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «ОмбыПавлодарШымкент Түркіменабад» газ құбыры желісі басып өтеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп косылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді.

Электрондық көлік әлектр қуатын электр жеткізу желілері(ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Су көліктері негізінен құрал-жабдық ты көп қажет етпейтінтабиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жұмсалады (1 т жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың езіндік құны да темен. Су көлігі теңіздік және өзендік болыпбөлінеді. Теңіздік кеме қатынасы бар жалғыз ауданКаспийтеңізінің шеткі ЭГЖ теңіз көлігінің негізгі міндетін — сыртқы сауда байланысын жүргізуді анықтап берді. Сондықтан негізгіжүк тасымалы шетелдік болып табылады. Каботаждық тасымал(еліміздің порттарының арасында) аздау, дегенмен, онда да есубайқалады.

Теңіз көлігі — ең жас әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі. Еліміз өз флотын жаңадан құрды. Қазірдің езінде ондаказіргі заманғы танкерлер («Астана», «Алматы», «Абай»), ездігінен жүретін баржалар, мұзжарғыш буксирлер бар. Елдің басты теніз «қақпасы» — қатпайтын Ақтау сауда порты. Жүк тасымалы бойынша (жылына 10 млн т) — ол Каспий бойындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Жүктің басым бөлігін мұнай (85%), прокат және астық құрайды. Паром өткелдері Ақтау қаласын Ресей мен Өзірбайжанның порттарыменбайланыстырады. Құрық қойнауында жаңа порт салынып жатыр. Ол теңізде таяу уақыттарда пайда болатын (30-60 мың т) ірітанкерлерді қабылдайтын болады. Үшінші, Баутино порты теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамыпкеледі.

Өзен көлігі табиғат жағдайларына көбірек тәуелді. Оныменасықпай жеткізілетін, жаппай тасымалданатын жүктер кемір, мұнай өнімдері, ағаш, астық, құрылыс материалдарынтасымалдауға өзен көлігі қолайлы. Әзірше олардың көлемі оншакөп емес. Бұл транспорттың географиялық жұмыстарын екікәлдік алаптар анықтайды.

Әуе көлігі — ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгімамандануы — алыс кашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді.

Қазақстандағы әуе тасымалын бірнеше авиакомпаниялар («СКАТ», «Атырау әуе жолы», «Көкшетау» және т.б.) орындайды. Олардың ішіндегі ең ірісі«Эйр Астана», ұлттық «авиа тасымалдаушы» компаниясы.

Ол ондаған халықаралық және ішкі бағыттарға қызмет көрсетеді. Оның әуе лайнерлері Ресейге, Қытайға, Германия мен Үндістанға ұшады. «Эйр Астана» республика әуе жолаушыларының 3/5-ын тасымалдайды.

Елдің ең басты «Әуе айлағы»Астана (жолаушылардың 3/4- нен астамы). Қазіргі заманғы халықаралық әуежай Астанадасалынған.

Байланыс. Коммуникациялық жүйенің бұл буыны поштабайланысы мен телекоммуникацияны біріктіреді. Оның негізгіміндетікелемі мен маңызы жылдам әсіп отыратын ыр алуанақпараттарды беру. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы — пошта байланысы — бұл ертеден келе жатқан сала.

Қазіргі телекоммуникациялық байланыс түрлері «жуан сөмке арқалаған» пошташыны ығыстыра бастады. Оларбірнеше бағытта қарқындап дамып келеді. Оптикалық-талшықты желілердің құрылуы халықты телефонмен камтудеңгейін көтереді. Спутниктік телеарналар мен бүкіл әлемдік интернет желісін пайдаланудың маңызы зор.

Сонымен, қоғамның өмір сүруі қалыптасқан инфрақұрылымыз мүмкін емес. Онда коммуникациялық жүйе — көлік пен байланыс маңызды рөл атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *