Имам Әлімбеков

Имам Әлімбеков 1883 жылы Қарқаралы уезі, Ақсары болысы, Уақ қыстағында туған. Академик Р.Кареновтың «Алаштың аты аталмай жүрген қайраткері» деген мақаласында (Орт. Қазақстан, 31.01.04 ж.) былай деп жазады: Имам Әлімбековтің адам ретінде, азамат ретінде қалыптасуына Ахмет Байтұрсынов көп ықпал жасаған. Әлихан Бөкейхановтың шақыруымен Семейге Ахаң келіп, сабақ береді. 1908-1913 жылдары Имам Әлімбеков орыс-қазақ мектептерінде мұғалім бола жүріп, қазақ тілі және әдебиетінің тарихымен, теориясымен шұғылданды, халықтың көркемсөз мұрасын жинау, жүйелеу, зерттеу ісіне араласты, баспасөзге мақала жазды.
«Қазақстан коммунисі» журналының 1981 жылғы 8-санында: «Имам Әлімбеков – «Алаштың» Семей облыстық ұйымы төрағасының орынбасары, «Алаш» партиясының орталық үні – 1918-1919 жылдары шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің редакторы, «Алаштың атты әскерлер полкін жасақтаушылардың бірі» деп жазылған. Имам Әлімбеков қуғын-сүргінге 1929 жылдан бастап түсіп, НКВД-ның «Голощекинге қастандық жасауды ойластырған топ» деген қылмыстық іспен тұтқындалған 44 адамның ішінде Имам Әлімбеков пен М.Жұмабаев екеуі Кольскі түбегіне айдалады.
1935 жылы жазушы М.Горькийдің әйелі Пешкованың көмегімен Мағжан мен Имамды босатқызып алғаннан кейін, Имам Қарқаралыға қайтып келіп, туған ауылы, өзі салғызған Бесобадағы мектепте мұғалім болып екі жыл істегеннен кейін, 1937 жылы наурызда «халық жауы» ретінде ұсталып, «Алаш орда» партиясының үгітшісі және мүшесі» ретінде ату жазасына кесіліп, сол жылы 17 қыркүйекте атылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *