Доброславин А.П. ( 1842- 1889 ж.ж) – Ресейдің гигиена кафедрасының алғашқы профессоры. 1871 жылы Петербургте медициналық — хирургиялық академияда ең алғаш гигиена кафедрасын ұйымдастырған және оның меңгерушісі болған. Ең алғаш жалпы гигиена пәнінен лекциялар жинағын шығарған. Өзінің тәжірибелік жұмысын ол Петербургтің елдімекенін сауықтыру жұмыстарына бағыттаған. Бұл кісі көптеген белгілі гигиенистерден дәріс алған. Осы кісінің ұсынысымен Петербургте ең алғаш рет тамақты зерттейтін санитарлық зертхана ашылған.