Диалектілік негіздегі диалектілік лексемалар мен форманттар негізінде туған жалқы есімдер. СЮП-тердің шамамен 5%-і тіліміздегі жергілікті құбылыс ретінде ұғынылып жүрген сөздердің қатысымен жасалған: Аппаз “жиырма тиын”, Алқынды “ сабынның қалдығы, Ауыш “ есінен ауысқан, Ауқатжан “тамақ, Әпкіш “иінағаш, Әбиіркүл “абырой, Әйдік “үлкен, Әуей көңілдес, Бозымгүл “түйе, Бақыраштай ыдыс, Бәдірең “қияр, Балқаймақ “тағам түрі, Бөстек “текемет, Дәлдүріш – “ақымақ, алаңғасар Долы “бұршақты жаңбыр, Далбай құлақшын, Доқ “бұйрық, Елпек “жұмсақ, Иісмай “крем, Кібіт “қойма, Көпек “еркек күшік, Кәржік “ мұрын, Кәубас “үлкен бас, Кекіре “арам шөп, Киеңкі “ауру, Қойтан “ақымақ, Құлжа” сақа, Қоспақ “ақымақ, Қақпыш” текпішек, Қырпық “тері, Қырт” мылжың, Қыпық “ бидай, Лақы “күлдіргіш, әзілкеш адам, Ләмбөк “мата, Пәшек “ шырмауық, Пістебек, Шөлмекбай “арақ, Тайқар екі жастағы ұрғашы есек. Сипанский < сипан+ский ауызекі тілде сипап кету “ұрлап кету” дегенді білдіреді, — ский орыстың аффиксін қосып сөйлеу жалпы халықтық сөйлеу тіліндегі ерекшелік болып табылады.