Гигиенаның Қазақстанда дамуы

Гигиенаның Қазақстанда дамуы
Қазіргі кезде Қазақстанда өз алдына гигиена мектебі бар.
1932 жылы Алматы қаласында республикада бірінші медициналық институты ашылып, сол жылы гигиена кафедрасы да ашылды. Оның негізін қалаушы — Қазақстандағы санитарлық қызметті бірінші ұйымдастырушылардың бірі Попов Н.П. болды.
Кейінірек Қазақстан өлкелік патология ғылыми зерттеу институты
(қазір гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы), Қарағандының мемлекеттік медицина институты, Қазақ еңбек физиологиясы мен гигиенасы ғылыми зерттеу институты, тағамтану ғылыми зерттеу институты ұйымдастырылды, оларда гигиена ғылымдарының барлық бөлімдері бойынша әр түрлі жоспарлы зерттеулер жүргізілді.
1935 жылы Кеңестік Советтік Республикалар Одағында Бас санитарлық инспектор басқаратын Отандық мемлекеттік санитарлық инспекцияны құру туралы қаулы бекітілді. Осындай қызметтер басқа да одақтық республикаларда құрылды.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі уақыт Қазақстанда санитарлық — эпидемиологиялық мекемелердің санын көбейтуді талап етті. 1941 жылы Қазақстанда 43 санитарлық- эпидемиологиялық станса, 137,5 штаттағы дәрігерлік лауазым болса, 4 эпидемияға қарсы отряд, 783 залалсыздандыру камералары, 3907 монша, ал 1945 жылы СЭС- тардың саны 100 — ге дейін өсті, санинспекторлар штаты – 274,5, эпидемияға қарсы отрядтар — 45, залалсыздандыру камералары -1438, 3332 монша салынған.
Сол кезде Қаз ММИ жүргізілген ғылыми зерттеулердің тақырыбы соғыс уақытындағы қатаң талаптарға сай болған, мысалы, бомбадан қорғайтын жертөлелердегі ауаны тазалау мәселесі, солдаттардың бөлімшелеріне көрсетілетін санитарлық қызмет, соғыс кезіндегі жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, адамдарды вакцинациялау.
Аймақтық эпидемиология, микробиология және гигиена институты соғысқа қажетті ғылыми- зерттеу және тәжірибелік жұмыспен толық айналысты. Олар 20 шақты бактериологиялық препараттар ашты: бөртпетифозды вакцина, тифо- паратифозды таблеткалар, дизентерия бактериофагын, холера монофагын, холераға қарсы моновакцинді және т.б.
1944 жылдың маусымында республикада тропикалық аурулар институты ашылып, ол 1945 жылы Аймақтық патология институты болып аты өзгертіліп, аймақтық медициналық мәселелерді өңдейтін Қазақ ССР- ындағы Ғылыми Академияның негізгі ғылыми – зерттеу орталығы болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *