Гигиенаның даму тарихы
Гигиенаның ғылым ретінде дамуы XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында басталды, бірақ адамзатқа жеке бас гигиенасы, қоғамның гигиенасы, оның түбірі ежелден — ақ белгілі.
Мысалы: өте ертеде итмұрын қайнатпасының қырқұлақ ауруының алдын алу үшін қолданылатыны белгілі болған. Х ғасырдағы құжаттарға сүйенсек ол жерде Корсунский су құбыры туралы жазылған. Киев Русында моншалардың көп болғандығы туралы жазылған. 1650 жылы Мәскеуде «тұрмыстық қалдықтарды далаға төгуге тыйым салынатыны» туралы үкім шыққан.
Біздің эрамыздан 1,5 мың жыл бұрын ежелгі Египетте үйлерді, көшелерді тазарту, қоқыстарды жинау және оны алып кету, жеке бас гигиенасын сақтау, науқастарды жекешелеу, тағамтану гигиенасы туралы ережелер болған. Ежелгі Қытайда жүйелі тамақтану, дем алу тәртібі, елдімекенді жоспарлау және жайластыру бойынша талаптар белгілі болды.
Дәрігер Авиценна бес томдық «Дәрігер ғылымының каноны» шығармасының гигиена бөлімінде «Жағымды ауа туралы», «Су сапасы туралы», « Денсаулық сақтау туралы» мақалалар жазған.
Гигиена туралы алғашқы ғылыми мекемелер, ғылыми еңбектер XIX ғасырда еуропада пайда болды. 1857 жылы ағылшын ғалымы Паркс
«Практикалық гигиенаға жетекшілік» оқулығын баспадан шығарды.
Ресейде экономика мен қоғамның нашар дамуына байланысты гигиена
өте жай дамыды. ХУІІІ ғасырда Ресейдің кейбір жерлерінде медициналық- топографиялық түсініктеме жазылып, сол жергілікті жердің адамдарының ауруының сол жерді қоршаған ортамен байланысты екені дәлелденген.
ХІХ ғасырда гигиена кеңінен дами бастады және оның дамуына көптеген сол кездегі ғалымдар Н.И Пирогов, С.Г Боткин, Г.А Захарин, А.А Остроумов ықпал етті.
ССРО – да гигиенаның негізін қалаушы ғалымдар:
А.П Доброславин, Ф.Ф. Эрисман, Г.В. Хлопин.