Білім-ғылымға байланысты туған аттар: Ақылдым, Ақылқалта, Әліппе, Әріпбек, Білімгүл, Білгішбай, Емле, Жұрнақ, Үтір, Ноқат, Сұраубай т.б.
Жанрлық аттар: Әлқисса, Әзілбай, Әзіл Сықақов,Әзіләлі, Әңгіме, Бәдік, Боссөз, Жырау, Келеке, Құрғақсөзов, Өлеңбаев, Тілмар, Тұспал, Жырдария, Калжынбасұлы, Мысалжан, Мақалбике, Пародияғали, Панфлетхан, Оспақ, Сатирин, Ұйқасбай, Эпиграммабай т.б. Сауда-финанс: Ақтеңге, Арзангүл, Теңгегүл, Тиын Тебенқызы, Шаштеңге, Пұлсыз, Пұлжеген, Пұлбай Тиынсызов, Қарызхан, Алыпсатарұлы, Саудабек, Салықбай, Көктиын, Бестиын т.б. Порейоним- Машинатегі, Вагонбек, Пойызбек. Этноним (гр.этнос халық+оним) Әдігей, Кәрісбай, Өзбекбай, Тәжікбай, Қырғызбай, Сартбек, Өзбекулла. Хрононим (гр.хронос- уақыт, кезең+оним) – тарихи мәні бар кезең немесе маңызды оқиға аттары. Адам Ата, Хауа Ана “өте ертеден”, Ақпатша (Романовтар династиясы билеген кез), Байбатша (кеңес өкіметіне дейінгі кезең), Байқұл (феолдалдық дәуір), Қарашаруа, Демоним — Мыстанқыз, Сайтанбек, Жезтырнақ, Албасты, Жындыбаев, Теоним – Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Япыраевич