Батыс Қазақстан экономикалық географиялық ауданы

Жоспар

1 Өнеркәсібі

2 Ауыл шаруашылығы

3 Экологиялық проблемалары

4 Қалалары

Батыс Қазақстан — республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.

Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары. Атыраудареспубликамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді(республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кенорны бар. Бүл жерде мұнайды өндірумен бірге жаңадансалынған зауытта мұнайды өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этаншығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтауқаласындағы пластмасса зауытының шикізаты. Атыраудаполиэтилен, полипропилен және пластмассадан жоғарытемператураға шыдамды заттар шығаратын зауыт бар. Ақтөбеоблысындағы хром кені базасында қара және түсті металлургиясалалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары жәнеферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді. Хром кенінің жәнехром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алысшетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никель де өндіріледі.

Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға химкомбинаты бар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретіндедамыған. Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы зауыттардажетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құрал-жабдықтар шығарады. Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібінеарналған құрал-жабдықтар шығарады. Балықшы кентінде кемежөндеу зауыты, Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарыншығаратын зауыт жұмыс істейді.

Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігіндежаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстікаймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысушектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қойшаруашылығын дамыту тиімді. Егіншіліктің жалпы ауданы бар-жоғы 3%, оған дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, қарабидай, техникалық дақылдарданкүнбағыс, жүгері және қышаегіледі.

Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және балық өңдеусалалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консерві зауыты) ерекше орын алады. Тамақөнеркәсібінің (ұн тарту,нан пісіру және т.б.) жақсы дамығаноблыстарына Батыс Қазақстан және Ақтөбені жатқызуға болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жеңіл өнеркәсіпбіршама жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындарына тігін жәнебылғары аяқ киім өнеркәсібі (Оралда киіз байпақ және теріфабрикасы) жатады.

Басқа экономикалық аудандарға қарағанда Батыс Қазақстан республикамыздағы көліктің барлық түрін (темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе жолдары) пайдаланатын аймақ. Көлік жүйесінің барлық түрінің дамуы кершілес жаткан Ресейжәне Орта Азия республикаларымен қарым-қатынас жасауғамүмкіншілік береді.

Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистральды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралықмаңызға ие: Ақтау— Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей). Құрлық көліктері арасындағы маңыздысытемір жол.

Каспий теңізінің Шығыс жағалауында республикамыздағыжалғыз Ақтау порты орналасқан. Порт әр түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнайды, мұнай өнімдерін шет елдерге тасымалдауғаарналған. Порттың айналасындағы су қатпайтын болғандықтанжыл бойы жүк тасымалдауға мүмкіншілік бар. Бір мезгілдесыйымдылығы 12 000 тонна болатын, төрт танкерге қызметжасай алады.

Аймақ шаруашылығының карқынды дамуы нәтижесінде төрт ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты.

Атырау-Ембі өнеркәсіп торабы өнеркәсіптің мұнай және балық өңдеу салаларына маманданған. АӨК құрамына енетінөндірістер: Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, республикамыздағы ең ірі балық өңдеу комбинаты мен машина жасау зауыты (мұнай— газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады) және Балықшы кентіндегі кеме жөндеузауыты мен балық консерві комбинаты.

Маңғыстау өнеркәсіп торабының (құрамында Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары мен бірнеше кенттер бар) негізгі маманданған саласы — мұнай-газ өнеркәсібі. АӨК құрамында: газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қаласы), пластмасса зауыты (Ақтау қаласы), балық консерві комбинаты (Баутинакенті), балық зауыты мен токыма фабрикасы (Ералиев кенті) бар. Кешеннің дамуына Маңғыстау түбегіндегі мұнай, газ, құрылысматериалы сияқты ресурстардың тигізер үлесі зор. ТМД көлеміндегі мұнай өндіретін аудандар арасында Маңғыстау 6-шы орынды иемденеді, кешеннің аумағы 128 мың км², қалахалқы 87%.

Ақтөбе өнеркәсіп торабы никель, хром өндірісіне маманданған, хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналаскан.

Сонымен бірге маманданған салаларына ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, суперфосфат, мұнай құрал-жабдықтары мен рентген жабдықтары өндірісі жатады (Ақтөбе).

Орал өнеркәсіп торабы ауыл шаруашылық, тамақ және жеңілөнеркәсіп өнімдерін өңдеуге маманданған. Өнеркәсіп торабыныңқұрамы: механикалық, жөндеу, аспап жасау зауыттары, құрылыс-монтаж құралдарын дайындайтын зауыт, кеме жөндеукәсіпорны, металл бұйымдары зауыты, былғары зауыты, байпақ-киіз фабрикасы, ет консерві және ұн тартужарма комбинаты, мия зауыты және т.б. Соңғы кездерде Батыс Қазақстанныңэкономикасының көтерілуі aуданның көптеген экономикалықәлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіншілік береді. Былтырғымен салыстырғанда жаңа жұмыс орындары 30%-ғакөбейді. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби деңгейінкөтеру орталықтары ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздар саны 2%-ға төмендеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *