Ауаның физикалық қасиеттері: температурасы, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы, қысымы
Адам ағзасы нормада өмір сүру үшін және жұмысқа деген қабілеттілігін сақтау үшін ағзада жылулық тепе — теңдік сақталу керек, яғни ағзада пайда болған энергия мен сыртқы ортаға берілетін энергия мөлшерінің тепе — тең болуы. Егер жылуды сыртқа шығару нашарласа, ол ағзада жиналып, ағза қызады. Ал жылуды көп мөлшерде жоғалту адамның салқындап қалуына әкеліп соғады. Адам қоршаған ортаның жылулық жағдайына ыңғайланып жүреді, мысалы, күн суық кезде қалың киім киеді, үйі жылы болу үшін от жағады, қар және жаңбырдың астында қалмас үшін үй салады. Ағзаның энергия жоғалтуы қоршаған ортаның жылулық жағдайына байланысты, ол температурамен, ылғалдылықпен, ауа жылдамдығымен, сәулелі энергиямен анықталады.
Температура және ауа ылғалдылығы. Атмосфералық ауа күн көзінің сәулесінен қызбайды, ол топырақтағы жылумен қызады. Сондықтан минималды температура күн көзі шығардың алдында болады, ал максималды температура 13-15 сағат арасында болады, бұл кезде топырақтың беті максималды қызады. Ауаның жерге жақын ыстық қабаты жоғары қарай көтеріліп, айлап салқындайды. Ауаның температурасы, елдімекен орналасқан жеріне байланысты қатты ауытқиды, мысалы, экваториялды Африкада максимум + 50 – 63 ˚ С температура аралығында болса, минимум — 94 ˚ С температура Антарктидада болады.
Су көздерінің беткі қабаттарынан, топырақтан және жасыл өсімдіктерден үнемі су буы бөлініп шығып, ылғалдылықты арттырады.
1м.куб ауа құрамындағы су буының граммен анықталған мөлшері
«ауаның абсолютті ылғалдылығы» деп аталады.
Максималды ылғалдылық дегеніміз белгілі температурада 1 м. куб ауаны толығымен қанықтыру үшін қажет су буының граммен анықталған мөлшері.
Температура өссе, максималды ылғалдылық та өседі.
Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасына тең, ол пайызбен өлшенеді. Салыстырмалы ылғалдылық – ауаның су буымен қанығу дәрежесін көрсетеді.
Су булары атмосфералық ауа құрамында әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін. Оның мөлшері жергілікті жердің жағдайына және температураға байланысты болады. Температура жоғарылаған сайын, су буларының мөлшері де жоғарылайды, сондықтан жазғы уақытта, қысқа қарағада ауада су буы көбірек болады. Ауаның ылғалдылығы ауадағы су буының мөлшеріне байланысты. Ауаның ылғалдылығының гигиеналық маңызы бар. Ауа су буымен қаныққан кезде олардың конденсациясы пайда болады. Су буы шаң бөліктеріне немесе басқа қатты бөлшектерге яғни аэрозольдерге тұнып, тұман пайда болады.