АРТЫҚ САЛМАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗИЯНЫ

 

АРТЫҚ САЛМАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗИЯНЫ

Жанболатқызы К., Көпбаев Б.Т.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім .Жолдаудағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» да, қазақ «Тазалық — саулық негізі, саулық — байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Жасыратыны жоқ, бүгінде медицина саласы көптеген қиындықтарды басынан өткеруде.Солардың бірі-артық салмақ. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 проценті экологияға, 40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 проценті ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Семіздік, май басу — ағзада артық майдың жиналуы, тері асты клетчаткасын, шарбыны, т.б. тіндер мен органдарды май басу. Мұндай жағдайда майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді. Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты (ой еңбегі не дене еңбегі) тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық — дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу де семіздікке әкеледі, себебі олардың калориясы жоғары, ал оны ішкен кезде адамның тамаққа тәбеті ашылады. Кей жағдайда семіздік ішкі секреция органдарының ауруларымен де байланысты. Бұл жағдайда организмнің зат алмасуының бұзылуы және сүйек пен буынға салмақ түсуінің өсуі тірек-қимыл аппараттарында өзгерістер тудырады. Қатты семіру тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінде де өзгерістер туғызып, өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді. Артық салмақ қант диабетінің, гипертония аурулардың, стенокардия мен миокард инфарктының, өтке тас байлану, т.б. аурулардың пайда болуына әсер етеді. Емі: диета сақтау, май, көмір, су және калориясы аз, бірақ белогы мен витаминдері мол тағамдарды ішу керек; дәрігердің кеңесімен тәбетті төмендететін дәрі ішу және ашығу күнін белгілеу; суға шомылу, массаж жасату, спортпен шұғылдану қажет. Ғалымдар мен дәрігерлер қауымы міне, ширек ғасыр бойы дабыл қағып келеді: «Семіздік- адамзаттың өзіне өзі тілеп алған жаңа әлемдік дерттің біреу де болса, бірегейі» деп. Несі бар, деректерге жүгінсек, аспаннан қара бұлтты төндіруге жетіп жатыр.Егер жер бетінде бүгінде 6 миллиардтан астам жұмыр басты пенделер өмір сүріп жатса, соның бір миллиардқа жуығы — толықтар мен семіздер. Бейнелеп айтсақ, әлемдегі әрбір алтыншы адам семіздер «әскерінің» «сарбазы» болып табылады. Семіздіктің себептері, зияны.Оның басты үш себебі бар. Біріншісі – үнемі артық тамақтану, мешкейлік. Екіншісі ата-әжесінің, әке-шешесінің немесе нағашысының біреуі толық болса, олардың ұрпағы да семіздікке бейім тұратын тұқым қуалаушылық. Үшіншісі – ішкі секреция бездерінің, әсіресе гипофиздің, қалқанша без бен жыныс бездері қызметінің бұзылуы салдарынан зат алмасу процестерінің интенсивтілігі күрт төмендеген жағдайда басталатын семіру. Демек, семіру – зат алмасу дұрыс жүрмегендегі ауыр зардаптарға соқтыратын ықтимал ауру. Қазір арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері көп. Оны үнемі қолдану семіртіп жібереді. Семіздіктің алдын алу:адам өзінің дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 келі өсісімен-ақ, толысудың алдын алуға тиісті. Ол кейін емделгеннен әлдеқайда тиімді. Сол себепті, салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әрекет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арттырған жөн. Және де тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайту, белоктар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпау қажет. Артық салмағыңнан арылғың келсе, спортпен айналыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *