Қаржылық жүйені ұйымдастыру

1. Қаржылық жүйенің мәні және жіктелуі.

2. Қаржылық жүйенің функционалдық белгісі бойынша құрылымы.

3. Қаржылық жүйені ұйымдастырудың негізгі қағидалары.

4. Қаржылық жүйені жетілдірудің бағыттары.

«Қаржылық жүйе» түсінігі сәйкес ақша-қаражаттары қорын құрып, пайда-лануға негіз болатын қатынастар жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын ұйымдарды қамтиды. Қаржылық жүйе үш бөлімнен құралады: қаржылық қатынастар жиынтығы, ақша-қаражаттары қорларының жиынтығы, басқарудың қаржылық аппараты.

Өзінің тарихи дамуында қаржы механизмі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек қана бір буынмен – мемлекеттік бюджеттен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буыны-мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржфлар құрады. Олар ақша қорларын құруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отыр.

Қаржылық жүйе интеграциялық типтегі жүйе болып табылады, оған кіре-тін элементтеррдің (ішкі жүйелердің) тығыз байланысын сипаттайды. Функционалдық ішкі жүйе ретінде мынадай көрсеткіштер қолданылады: салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлар (болжамдар), сметалық қаржыландыру, т.б. қаржы жүйесін топтастырудың функционалдық белгісімен қатар қаржылық қа-тынастарға қатысатын, қаржы субъектлері белгілері бойынша төмендегідей топтастыру жүріледі: жалпы мемлекеттік қаржы, кәсіпорын, ұйым және мекеме қаржысы, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.

Қаржылық жүйе – қаржылық қатынастарға басқару формасын беретін өзара байланысты сфералар, ақша-қаражаттар қорлары мен басқару аппаратының жиынтығы (Сурет 2).

Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

Қаржылық жүйенің кейбір құраушыларының орны мен ролі бірдей емес. Мемлекеттік бюджет — басты элемент, басқа жүйелер арасында алдыңғы қатарлы орын иеленеді. Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорын қаржысы да қыржы негізін құрайды және қаржылық жүйенің бастапқы звеносы болып табылады, өйткені қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі — ҰТ материалдық өндірісте жасалады. Халық (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы-лық жүйенің ерекше бөлімі болып табылады. Халық (азамат) өзінің ақша-қаражаттары арқылы жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және мемлекеттік және басқа меншік формаларындағы өндірістік, өндірістік емес сфера кәсіпорындарымен байланысқа түседі Елдің біртұтас қаржы жүйесі – тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Қаржы жүйесі терминінің  келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

  1. қаржылық қатынастардың жиынтығы;
  2. ақша қорларының жиынтығы;
  3. басқарудың қаржы аппараты.

Қазақстан Ресаубликасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:

  1. мемлекеттік бюджет жүйесі;
  2. арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
  3. мемлекеттік несие;
  4. жергілікті қаржы;
  5. шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы;
  6. халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі
Жалпы мемлекеттік қаржыШаруашылық субъектлерінің қаржысыҮй шаруашы-лықтары-ның (халы-қтың) қаржысы
Мемлекеттік бюджетМемлекеттік несиеАрнаулы бюджеттен тыс қорларМатериалдық өндіріс сферасы-ның қаржысыӨндірістік емес сфера қаржысы
Рес-пуб-ликалық бюджетЖергі-лікті бюд-жеттер: облыс, қала, аудан бюд-жеттеріМемле-кеттік қарыз (ішкі, сыртқы)Мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қоры, Инвестиция-лық қор, ҚР Ұлттық қорыӨнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс кәсіп-орындарының, жүк тасушы көлік, бай-ланыс, геология-лық барлау, ұйым-дары сауда, дайын-дау, қанымдаудың мемлекеттік ұйымдарының қаржысыТұрғын үй коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушы-лар көлігі, денсаулық сақ-тау, білім беру, мәдениет, ғылым және ғылыми қыз-мет көрсету, банктік-не-сиелік, сақтандыру, ком-мерциялық және делдал-дық ұйымдар, мемлекеттік емес және басқадай су-бъектлер (басқарма, қорға-ныс, құқық қорғау ұйым-дары) қаржысы

Сурет 2. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.

Жалпы мемлекеттік қаржыға қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорының қалыптасуының экономикалық формасы ретінде республиканың мемлекеттік бюджетінде және мемлекеттің қаржылық жоспарында, қоғамдық қажеттіліктерді мақсатты қаржыландырудың қосымша формалары ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрсетілген қаржылық қатынастарды қамтиды.

Несиелік қатынастар қаржылық қатынастармен бірдей болмағанымен, мемлекеттік несие қаржылық жүйеге кіреді.Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға, мемлекеттік қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалуына байланысты ол бойынша бюджеттік қаражат есебінен есеп айырысады. Бұл звеноны қаржылық та, несиелік те жүйе деп қа-рауға болады.

Екінші звено – бұл халық шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдары қаржысы. Оның екі дербес звеносы бар: материалдық өндіріс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржысы; өндірістік емес сфера кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.

Бірінші звенода, өндірістік сфера қаржысында, өндірістк бірлестіктер, кә-сіпорындардағы, халық шаруашылығы салаларындағы орталықтандырылмаған ақша-қаражаттары қорын қалыптастыру және эффективті пайдалану, сондай-ақ, аталған шаруашылық субъектлерінің мақсатты және резервтік қорлары қара-жаттарын орталықтандыру міндеттері шешіледі.

Екінші звенода қаржылық қатынастар оның бірінші реткі құрылымдарын-да және олардың арасында, қаржылық жүйенің басқа звеноларымен, басқа экономикалық жүйе звеноларымен (баға, несие, т.б.) қатынаста туындайды.

Ақша-қаражаттарының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларының жиынтығы қаржылық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Қаржының материалдық мазмұны бюджеттік, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету қорлары, амортизациялық қор, айналымдық қаражаттар қоры, тұтыну қоры сияқты көптеген ақша қорларын қамтитын қаржылық ресурстар қалыптасыру мен пайдалануда көрінеді.

Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады. Қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте ақшалай табыстар, аударымдар және түсімдер есебінен қалыптасады, ұлғаймалы ұдайы өндіріске, жұмыскерлерді материалдық ынталандыруға, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады. Олар қаржылық қатынастардың материалдық иелері болып келеді, бұл құндық бөліске қатысушы категориялар жалпы жиынтығынан қаржыны бөліп алуға жағдай жасайды. Көмегімен қаржы ресурстары жасалынып, пайдаланылатын нысандар мен әдістер қоғамның әлеуметтік табиғатына қарай өзгергенімен бұл қоғамдық-экономикалық формацияға тәуелділіктен тыс болып жатады.

Қаржылық қатынастар формалары және ақша-қаражаттарының қорлары басқарылатын материалдық объект құрайды. Мұндағы басқарушы субъект мемлекеттік және қоғамдық аппарат жүйесін құрайтын қаржылық аппарат.

Мемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеумен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары.

Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени  мұқтаждықтарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың басқарудың мұқтаждықтарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория, қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын құрудың экономикалық нысаны және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстан — республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар —  қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері:

а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;

ә) бюджеттен берілетін субсидиялар;

   б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

в) ерікті жарналар және қайырмалдылықтар.

Жалпы қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

  • мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды. 

Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредиттік қатынастардың жиынтығы.

Сақтандыру – шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының табыстарындағы ысырыптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары қарасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.

Сақтандыру – айрықшалықты, өзінің буындары бар сфера: әлеуметтік сақтандыру, жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру және т.б.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды , материалдық өндірісте нақтылы өнім – қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.

Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызметкөрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б) тұтыну тауарлары мен қызметтерді саитып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған.

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:

біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәо сәйкес келу тиіс.

Қаржылық жүйені ұйымдастыру қағидалары:

1) біртұтастық қағидасы орталық қаржылық органдар арқылы мемлекет өткізетін бірыңғай саясат және бірыңғай мақсат арқылы анықталады, ал қар-жылық жүйені басқару бірыңғай құқықтық базаға, менеджменттің бірыңғай амалдары мен әдістеріне негізделеді;

2) дербестік қағидасы қаржылық жүйенің әр звеносы өз міндеттерін шеше-тіндігімен, әрбіреуінде өзіндік қоғамдық бағыты, ұйымдастырудың арнайы фор-масының болатындығымен және оларға зінің ерекше қаржылық аппараты сәйкес келетіндігімен ерекшеленеді;

3) жалпы ұлттық және жергілікті (субұлттық) мүддені ұстану қағида-сы мемлекет пен аймақтардың қаржылық қатынастырының тең дәрежелі жағдайымен қамтамасыз етіледі.

Қаржылық жүйені жетілдірудің негізгі бағыттары: 1) өндірістік қаты-настарды жетілдіру, 2) экономиканы әлеуметтік жағына бұру, 3) ұлттық шаруа-шылықты құрылымдық қайта құру, 4) ғылыми-техникалық прогресті жеделде-ту, 5) сыртқы экономикалық қызмет белсенділігін арттыру, 6) ішкі өндіріс есе-бінен тұтынушылар нарығын толтыру мәселелерін шешу. Қаржылық шараларға инвестицияны тиімділігі, басқару аппаратын қанымдау шығындарын төменде-ту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде үнемдеу режимін қатал бол-дыру; экономиканың төменгі звеноларында – залалды жою, коммерциялық есепті дамыту, қаржылық жүйенің барлық звеноларында қаржылық қатынас-тарды индикативтік реттеу жатады.

Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сонедықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділіг арттыру жөніндегі жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағалау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми – техникалық прогрессті жетілдіру тұр.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық жүйенің мәнін атаңыз.

2. Қаржылық жүйе қалай жіктеледі?

3. Қаржалық жүйенің ұйымдастырылуының негізгі қағидаларына сипаттама беріңіз.

4. қаржылық жүйені жетілдірудің бағыттарын атаңыз.

5. Қаржылық жүйенің функционалдық белгісі бойынша құрылымы қандай?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *