Сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы

  1. Сыртқы экономикалық қызмет түрлері, олардың сипаттамасы.
  2. ҚР-дағы СЭҚ және оның даму келешегі.
  3. Салықтық және кедендік реттеу.
  4. Елдің төлем балансы.

 

Сыртқы экономикалық қызметтерге мыналар жатады: сыртқы сауда, ше-телдік инвестиция, халықаралық қаржылық-несиелік ұйымдарға қатысу, ғы-лым, техника, мәдениет, туризм саласындағы ынтымақтастық, елшілік, консул-дық және шетелдегі басқадай персоналдарды қанымдау бойынша есеп айырысу.

ҚР сыртқы экономикалық қызметінің маңызды аспектісі — шетел инвестор-ларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел несиесін тарту. Бұл қаражаттар халық шаруашылығының құрылымын жетілді-ру, нарықты тұтыну тауарларымен толықтыру және экспорттық потенциалды кеңейту мәселелерін шешуге мақсатты түрде және эффективті пайдаланылуға тиіс. Шетел капиталы несие, ресми көмек, әртүрлі инвестиция түрінде түседі.

Қазақстан ХВҚ, Халықаралық Даму және реконструкциялау банкі, Халық-аралық қаржылық корпорацияның мүшесі, Европалық Даму және реконструк-циялау банкі және басқаларымен байланыс орнатқан. Осыған байланысты рес-публика аталған ұйымдарға қатысу міндетін мойнына алады, мүшелік жарна. Қарыздық операциялар мен Халықаралық қаржылық қорларға қатысудан туын-дайтын мәмілелер бойынша қажет төлемдерді жүзеге асырады.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу тәсілдері төмендегідей:

тікелей реттеудің әкімшілік формалары – лицензиялар мен квоталар;

жанама және экономикалық әдістер — салықтар, кеден баждары, валюта курсы, әлемдік бағалар, сыртқы несиелер бойынша пайыздық ставкалар, обли-гация, басқадай бағалы қағаздар мен төлем құралдарының курсы.

Салықтар сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің маңызды рет-теушісі болып табылады.

Валюталық курс – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа елдің ақшалай бір-лігімен өрнектелген бағасы.

Кедендік кодекс кедендік территорияның, кедендік баждар мен алым-дардың біртұтастығы негізінде кеден ісі қағидаларын анықтайды. Кедендік баждар – мемлекет ұлттық шекара арқылы алынып өткен тауарлардан кедендік тарифте қарастырылған ставкалар бойынша алатын салықтар. Кедендік тариф ішкі нарықтағы шетел бәсекесін реттейді.

Қазақстанда импорттық (әкелу), маусымдық, арнайы, демпингке қарсы, ком-пенсациялық баждар қолданылады. Импорттық-кедендік тариф сыртқы сауданы реттеу, импорттық саясатты тиімді жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызмет-тен түсетін мемлекеттік бюджет кірістерін ұлғайту үшін қолданылады. Маусым-дық кедендік баждар мынадай жағдайларда қолданылады: елге тауар әкелу отан-дық сондай тауар өндірушілерге залал қаупін төндірсе немесе келтірсе; сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушыларға қатысты ескерту шарасы ретінде, адал емес бәсекенің жолын кесу шарасы ретінде. Демпингке қарсы баждар ел территориясына экспортер елдегі бәсекелес бағадан айтарлықтай төмен бағамен тауар әкелген жағдайда қолданылады. Компенсациялық баждар мынадай жағдай-ларда қолданылады: субсидия пайдаланылған тауар әкелген жағдайда, өндіргенде немесе экспорттағанда; кеден территориясы сыртына тура немесе жанама түрде субсидия пайдаланылған тауар шығарғанда, өндіргенде.

Импорттық-кедендік баж жүйесі ұлттық өндірісті шетел өнімінің экспан-сиясынан қорғайды.

Валюталық ресурстар — қаржылық ресурстардың құрамдас бөлігі және орта-лықтандырылған (мемлекеттік), орталықтандырылмаған (кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер ресурстары) болып бөлінеді.

Валюталық ресурс көздері: экспортталған өнімнен түскен валюталық түсім; ке-дендік баждар; шетел валютасымен төленген төлемдер; келісім, мәміле, келі-сім-шарт және сыртқы экономикалық сипаттағы басқа операцияларға қатысу-шы шетелдіктер төлеген салық, бонус, роялтиден түскен түсімдер; шетел валютасымен төлеген кезде валюталық заңдылықтардың бұзылғаны үшін төленген айыппұлдар мен өсімпұлдар; шет мемлекеттердің, банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері мен займалары; гранттар және қайтарымсыз көмек.

Валюталық ресурстар үкіметтің құзырына орталықтанып, төмендегідей бағыттарда қолданылады:

— «валюталық интервенцияны» жүзеге асыру үшін Ұлттық банк;

— займа туралы келісім-шартта белгіленген мерзімде өтеу кестесіне сай қа-рызды өтеу; халықаралық ұйымдарға мүшелік жарнаны төлеу; елшілік, консул-дық, өкілдіктердің жұмысын қаржыландыру үшін Қаржы министрлігі;

— мемлекет қажеттілігін қанағаттандыру, яғни импорт бойынша тауарлар мен алғашқы қажеттілік заттарын; шикізат пен жанармайды; техниканы орта-лықтандырған түрде сатып алу үшін Үкіметтік органдар;

— коммуналдық шаруашылық, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қамтама-сыз ету, жергілікті инфрақұрылымды дамыту үшін жергілікті басқару органдары.

Төлем балансы — бұл белгілі ел белгілі уақыт ішінде шетелде төлеген тө-лемдер мен шетелде алынған түсімдер сомасының қатынасы. Оған төмендегі бөлімдер кіреді: — ағымдағы шот (сауда балансы) экспорттық және импорттық операциялар, жүк пен жолаушылар тасымалы қызметтері, байланыс, туризм қызметтерін көрсетеді; — капиталмен және қаржымен жасалатын операциялар шоты (капитал есебі) тура шетел имвестициясы немесе капиталдың шетелге кетуін көрсетеді.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Сыртқы экономикалық қызмет түрлері қандай және оларға сипаттама беріңіз.
  2. ҚР-дағы СЭҚ-тың алатын орны.
  3. Салықтық және кедендік реттеу жайлы айтыңыз.
  4. Қазақстанда қандай баждар қолданылады?
  5. Қазақстанның төлем балансы туралы айтыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *