Сыртқы сауда бағалары

Сыртқы сауда бағалары мемлекетпен жүргізілетін сыртқы сауда және кеден саясаты шеңберінде қалыптасады, сондықтан сыртқы саудалық баға белгілеу ресей тәжірибиесі негізінде қарастырылған.

Сыртқы сауда саясаттың негізгі міндеттері:

— сыртқы нарықта отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;                                                             

— отандық өндірушілерді бағалау;

Сыртқы сауда саясаттың жүзеге асыру құралдарына жатады:

— кедендік баждың дифференциалау;

— демпингтік бағаларды қолдану;

— халыққа және отандық өндірушілерге залалын тигізетін өнімдерді енгізуге тура  тосқауыл қоюды ендіру;

— экспорттаушыларға мемлекеттік субсидиялар.

Кедендік баждар дифференциялау және кедендік құнды анықтау тәртібін бекіту  ең негізгі экономикалық тұтқа болып табылады. Осы сұрақты дұрыс түсіну үшін бірнеше түсініктеме беру қажет.

Кедендік баждар – ел шекарасын кесіп өтетін тауарлардан кедендік мемекемелер арқылы  алынатын федеративтік салықтар. Тауар қозғалысының бағытына байланысты  кедендік баждар келесідей ажыратылады: импорттық, экспорттық және транзиттік         (соңғысы барлық елдерде дерлік рәсімделмейді). Есептеу формасына байланысты келесілерін ажыратады: пайызбен есептелетін  адвалорлық кедендік баждар, абсолюттік көріністе бекітілген мөлшермелер спецификалық; құрамдастырылған – алғашұы екі түрінің құрамасы.

Кеден кедендік баждардан үстінен тауарлар қоймалау және сақталуы үшін, санитарлық жиын ретніде кедендік жиындар алынады.

Кедендік тариф – кедендік баждардың белгілі ережелері бойынша жүйлендірілген  арнайы түрде рәсімделген құжат. Импорттық кедендік баждар түрлері экспорттық баждарға қарағанда әлдеқайда көп, себебі экспорт кезінде мемлекеттік субсидиялар мен квоталар қолданылады. Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін экспорт кезінде баждар алынып тасталады. Импорттық кедендік баждар отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған (жоғарлатылған баждар) , сонымен қатар отандық өндіріс масшатабы жеткіліксіз (төмендетілген баждар), әлеуметтік маңызы бар өнімдер, материалдар, шикізат, ілгері технологиялардың енуін ынталандыру.

Кедендік құн — сыртқы сауда келісімінің қатысушысы білдіретін және кедендік баждар мен басқа салықтар, жиындар үшін база болып табылатын шекараны кесіп өтетін тауардың бағасы.

Шеттен әкелінетін тауарлар келісімінің бағасы бойынша әдіс басқа келісімдер үстімдірек пайдаланылады. Негіз ретінде келісімнің келісімшарттық бағасы алынады.  Тауарды елдің кедендік шекрасының пунктіне (мекен, жер, орын) дейін жеткізу бойынша шығындар, комиссиялық сый ақылар, лицензиялық төлемдер және т.б. қосыша есепке алынады. Отандық тәжірибиеде экспорт кезінде кедендік құн сәйкес қабылданған тәртіп шарты FOB, FCA бойынша қалыптасады – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы, импорт кезінде шарты CIF, CIP бойынша – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы. Сыртқы сауда келісімшарттарының базистік шарттары іртүрлі болуы мүмкін, бірақ кедендік құнды есептеген кездекелісімшарттық бағалар аталған стандарттық шарттарға сай келеді. Бұл сыртқы сауда келісімін жасаушыларға салық төлеу кезінде біршама бірдей қауырттылықты (напряженность – алаңдаушылық, қобалжаушылық) қамтамсыз етеді.

Егер берілген тауардың келісімшарттық бағасы көпшілік түрде жасалатын келісімдердің бағаларынан айтарлықтай аутқу байқалса, онда берілген әдіске сәйкес кедендік құнның есептелуі кедендік органдармен алынбауы  мүмкін.  Бұндай жағдай келісім жасаушылардың бір —  біріне тәуелді болған жағдайда, сауатсыз есептер кезінде орын алады.

Бұл жағдайда  басқа әдістер қолданылады: бірдей тауарлармен жасалған келісімер бағасы бойынша әдіс (шыққан жері, физикалық құрамы, тұтынушылық сипаттамалар бойынша); біртекті тауарлармен жасалған келісімдер бағасы бойынша әдіс (шыққан жері, тағайындалуы бірдей, алайда физикалық құрамы бойынша әртүрлі); шегеру және қосудың есептік әдістері (олардың толық  баяндамасы ұсынылған әдебиеттер тізімінде берілген).

Экспортталатын тауарға баға құру тәртібі

Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін барлық елдердің үкіметі экспорттаушыларға субсидия береді, экспорттық баждарды төмендетеді және алып тастайды, экспорттаушыларға салық салудың жеңілдікті шарттар жасайды. Осының бәрі экспортталатын тауалардың ұсынысы үшін неғұрлым төмен бағаның негізі болып табылады.

Ерекше көңіл бөлетін жайт, отандық тәжірибиеде экспорттаушыларға жеңілдікті салық салу сұрағы. Бұл салық салу сұрағы ғана емес, сонымен қатар бағалық. Қазіргі жүзеге асатын тәртіпке сәйкес отандық экспорттаушылар экспортталатын өнім шеңберінде  бюджетке қосылған құн салығын және акцзді (акцизделетін тауарлар бойынша) төлеуден босатылады.

Жеңілдікті алу сұрағы негізінде, экспорт фактысын дәлеледейтін сұрақ.

Экспорттаушылар жеңілдікті  алу үшін Салық органдарына келесі құжаттарды тапсыру керек:

1) тауардың экспортын дәлелдейтін келісімшарт (немесе келісімшарттың көшірмесі);

2) жүктік кедендік декларация (немесе оның көшірмесі);

3) шекаралас белгілері бар кедендік мелекеттердің – ТМД қатысушылары және ТМД қатысушыларынан тыс мемлекеттерде орналасқан елдердің кедендік органдарының көліктік немесе тауар жетектеуші құжаттардың көшірмесі;

4) ресейлік банктегі ресей салық төлеушінің шотына шет елдің тұлғасына өткізген өнімінен нақты түскен табысты дәлелдейтін төлемдік құжат немесе банк құжаты;

Ресейлік экспорттаушы аталған құжаттарды өткізбес бұрын салық органдарына қажет салық сомасын аудару керек. Салық органдарына аталған құжаттар өткізілген соң, алдында төлеген салық сомасы экспорттаушыға қайтарылады немесе болашақ есеп айырысу шотына жазылады.

Айтылғандардан осындай маңызды қорытынды жасалады: ішкі өткізуге арналған тауарлардың бағасына қарағанда, экспортталатын тауарлардың бағасына ішкі жанама салықтар есепке алынбайды.

Экспорт кезінде бағаның құрылуы жөнінде арнайы белгіленген тәртіп жоқ, алайда оның шектері туралы айту дұрыс болар.

Экспорт кезінде бағаның төменгі шегі – бұл өндіріске кеткен шығындар және өндірушілердің нормативтік пайдасы, сонымен қатар келісімшартта айтылған, белгіленген жерге дейінгі жеткізуге кеткен шығындар және оның кедендік рәсімделуіне кеткен алымдар.

Жоғарыда айтылғандай, экспорттық кедендік баж дерлік барлық тауарлардан  алынбайды, алынса да тек экспорттаушы бағасының төменгі шегіне енетін міндетті төлем ретінде енеді.

Экспорт кезінде бағаның жоғарға шегі – экспорттаушының келісімшарттық бағасы.

Импортталатын тауарға бағаның құрылу тәртібі

Импортталатын тауар ішкі нарыққа келіп түседі, сондықтан міндетті түрде оның бағасы ұқсас отандық тауар бағасымен сәйкестендіріледі. Әдетте сыртқы нарық және ұлттық нарық жағдайында қалыптасатын  көрсеткіштердің айырмасы импорттық кедендік бажбен жабылады. Импортты ынталандыру мақсатында ( ұлттық нарықта неғұрлым жетіспеушілктеге тауарлар) баж мөлшермесі төмендетілуі немесе алынып тастауы мүмкін. Сонымен қатар жеңілдікті шаралар қолайлы саясат жасасатын нашар дамыған елдедің тауарларының импорты кезінде қолданылады. Ішкі жанама салықтар ( қосылған құн салығы және акцизделетін тауарларға акциз) баға құрылымына енеді.

Импорт кезіндегі бағаның есептелу деңгейі оның төменгі шегі болып табылады және келесі формуламен беріледі:

 

 + К б+ Ка  + А + Шішкі  + ҚҚС

 

мұнда  —  импортталатын тауардың келісімшартық бағасы;

                     — тауардың теңгемен есптелген (рубль)

                              келісімішарттық бағасы;

            К б – импорттық кедендік баж;

            Ка —  кедендік алымдар;

                      А —  акциз (егер тауар акцизделген болса);

            Шішкі – келісімшартта айтылмаған және ішкі нарықта

                       тауар қозғалысымен байланысты

                       импорттаушының ішкі шығындары;

                    ҚҚС – қосылған құн салығы.

 

Импорт кезінде бағаның жоғарғы шегі – ішкі нарықта оның конъюнктурасына сәйкес импортталатын өнімнің өткізу бағасы болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *