- Сақтандырудың экономикалық мәні, оның қызмет ету сферасы.
- Сақтандыру қорлары, оларды құру әдістері және қолдану бағыттары.
- Нарықтық экономика жағдайында сақтандыру қатынастарының дамуы, сақтандыру ісін коммерцияға айналдыру.
- ҚР-да сақтандыру нарығының дамуы.
Қолайсыз табиғи, стихиялық күш, кездейсоқ жағдайлар, өндірістік фактор-лар әрекетімен байланысты экономикалық қатынастар және залалды ақшалай жарналар есебінен өтеу сақтандыру деген дербес категориямен анықталады. Сақтандырудың мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтама-сыз ету үшін азаматтарды, мүлікті, өндіріс процестерін қоғамдық немесе ұжым-дық түрде қорғау. Сақтандырудың негізгі қасиеттері: қатынастың ықтималдық сипаты; қатынастың төтенше сипаты (кез-келген масштабта — мемлекеттік, ай-мақтық, кәсіпорын немесе оның бөлімшелері, жеке адам деңгейінде).
Қатынастардың бір бөлігі салыстырмалы түрде жалпы сипатта болады жә-не ақша-қаражаттарының сәйкес қорлары кең көлемдегі резервтік қорларды пайдалана отырып, қоғамдық қорғау жүйесі арқылы анықталады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысқан және жалпы ұлттық сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жоюға бағытталған. Ондай жағдайларда тұрақты қор-лармен қатар (жалпы мемлекеттік материалдық резервтер, үкіметтің резерв-тік қорлары) кәсіпорындар, ұйымдар, халықтың өз еркімен жасаған қайырымы есебінен қосымша ақша-қаражаттарын жұмылдыоуға болады.
Қатынастардың екінші бөлігі (әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қам-тамасыз ету) салыстырмалы түрде айтарлықтай тар шеңбердегі қорлар құру жә-не пайдалагу арқылы азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттала-ды. Бұл қатынастардың әрекеті халықты әлеуметтік қорғау қажеттілігімен байланысты.
Үшінші бөлігі адамдардың денсаулығы мен жағдайын, олардың мүлкін, сондай-ақ, шаруашылық субъектлерінің мүлкін сақтандыруды білдіреді. Бұл — азаматтарды мүліктік жеке сақтандыру және шаруашылық субъектлерін сақтан-дыру. Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы түрдегі дербес бөлігі- медициналық сақтандыру.
Сақтандыру кезінде сақтандыру резервтері мен қорларын қалыптастыру-дың екі әдісі қолданылады: бюджеттік және сақтандыру. Қор құрудың бюджеттік әдісі бюджет қаражаттарын, яғни барлық қоғамның қаражаттарын пайдалануды білдіреді. Сақтандыру әдісі қорлар кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың жарналары есебінен құруды қарастырады; жарнаның мөлшері, төлеу тәртібі сақтандыру түріне қарай немесе заңмен, не сақтандыру қатынаста-рына қатысушылар арасындағы арнайы келісім негізінде анықталады.
Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз азаматтар еңбек ету қабілетінен, жұмы-сы мен денсаулығын қорғаудан айырылған жағдайда оларға материалдық қол-дау көрсету үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу бойынша экономикалық қатынастар жүйесі.
Жұмыстан айырылған жағдайда сақтандыру. Жұмыссыздық бойынша жәр-демақы халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету қорынан қаржыландырылады. Ол шаруашылық субъектлер мен басқа жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің бір бөлігінен, еңбек заңдылықтарының кейбір шарттарын, төлемді аудару мерзімдерін бұзғаны үшін төленетін санкциялар сомасынан құралды. Мұн-да бюджеттік ұйымдар оларға сәйкес бюджеттерден берілген қаражаттар есебінен төледі; қорды толтыруға мақсатты трансферттер мен гранттар жұмсалды.
Медициналық сақтандыру – бұл денсаулық сақтауды жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтандыру жарналары және сақтандырылған тұлғалардың ауыр-ған, жарақаттанған жағдайдағы залалдарын және медициналық мекемелер шы-ғындарын өтеуге арналған бюджет қаражаттары есебінен қаржыландыру қаты-настары. Міндетті медициналық сақтандырудың сақтандыру төлемдерінің мөл-шерін еңбек ақы төлеу қорынан үкімет бекітеді және ол өнімнің, жұмыс немесе қызметтің өзіндік құнына кіреді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырумен қатар мемлекеттк емес зейнетақы-лық сақтандыру болады. Бұл зейнетақы келісіміне сай жұмыскерлер мен (немесе) олардың жұмыс берушілерінің (еңбек ақының 10%) ерікті жарнасы есебінен қо-сымша әлеуметтік төлемдер және басқадай әлеуметтік қауіп төнген жағдайда ма-мандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақы төлем-дерін қалыптастыру жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары.
1997 ж. 20 маусымда «ҚР-дағы зейнетақыны қамтамасыз ету туралы» Заң-ның қабылданған кезінен бастап, зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні – зейнетақыны қамтамасыз етудің зейнетақы қорын қалыпастыруда 1997 жылға дейін қолданылып келген ұрпақтар сабақтастығы қағидасынан жеке жинақтау қағидасына көшуінде. Бұл үшін Мемлекеттік зейнетақы төлеу қоры мен кәсіпкер-лік қызметпен айналысатын барлық заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтік салық төлеу жолымен қалыптастырылатын Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры қарастырылған. Зейнетақы жарналары салымшының таңдауына қарай, зейнетақы келісім негізінде жеке зейнетақы қоры мен әлеуметттік жеке код (СИК-ӘЖК) номері ашыла отырып, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры-на немесе ммлекеттік емес жинақтушы зейнтақы қорына жіберіледі. Зейнетақы төлемдері Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы жасына жет-кен азаматтарға, яғни ер азаматтар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа жеткенде және сәйкесінше еңбек стажы 25 және 20 жылға толғанда төленеді. Азаматтарды кей-бір категорияларына зейнетақы жасы мен еңбек стажы төмендетіліп белгіленсе, белгілі қызмет түріне еңбек стажы жеңілдікпен есептеледі.
Мүліктік және жеке сақтандыру стихиялық апаттар, шығындарына, апат-тарда, өрттен, бақытсыз жағдайларға, сырқаттануға, іскерлік конъюнктураны өзгертуге, тонауға байланысты залалдарды жоюға қолданылады.
Сақтандырудың жалпы категориясының бір бөлігі бола отырып, мүліктік және жеке сақтандыру субкатегория ретінде төмендегі белгілермен ерекшеле-неді: сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс сферасында белгілі қауіптің бола-тындығына негізделген ақшалай қайта бөлу қатынастары туындайды; сақтан-дыруға залал сомасын қайта бөлген кезде оған қатысушылар арасында тұйық қайта бөлу қатынастары тән; сақтандыру қорының қаражаттары сақтандырушы-лар арасында пайдаланылады; сақтандыру кеңістікте де, уақытта да залады бө-луді қарастырады; тиімді кеңістікте бөлу үшін үлкен территория және сақтан-дырушылардың саны қажет; оқиғаның кездейсоқ сипатына байланысты залал бір жылдан да асып кетеді және көптеген жалдырға созылады; сақтандырушы-лар арасындағы қатынастың эквиваленттігі.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушалар төлемдері есебі-нен кездейсоқ оқиғалар салдарынан залал шегетін сақтанушыларға көмек көр-сетілетіндігінде.
Сақтандыру қорлары материалдық-заттық жүктеуші, сақтандыру қатынаста-рының негізі болып табылады, сақтандырушыны оперативтік-ұйымдық жағдайда басқарады,, сақтандыруға қатысатын, қатысушы жақтардың сақтандыру мүдделе-ріне негізделеді. Сақтандыру қорларын басқа қорлардан айрықшалайтын ерекше-ліктері: олар алдын-ала тұтыну қорына да, жинақтау қорына да жатқызылмайды. Сақтандыру қоры ұлттық шаруашылықтағы әртүрлі болжанбаған диспропорция-ны ескертуге арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің құрамдас бөлігі бо-лып табылады. Сақтандыру қоры сақтандыру төлемдері деп аталатын, шаруашы-лық суьбъектлері мен халықтың жарналары есебінен құрылады.
Мүліктік және жеке сақтандыру қызметтері осы категорияның қоғамдық бағытының көрінісі ретінде оған сәйкес келеді, олар: бөлу, ескерту, жинақтау және бақылау.
Сақтандыру қаупі оның негізгі бағыты- қолайсыз оқиғалар залалын өтеу-мен тығыз байланысты. Осы белгілерге сай сақтандыру салаларға, ішкі сала-ларға, түрлерге бөлінеді. Сақтандыру формалары – міндетті және ерікті.
Сақтандыруды (сақтандыру объектісі бойынша) екі салаға бөледі: мүліктік және жеке. Мүліктік сақтандыру сақтандырушылар категорияларына қарай іш-кі салаларға бөлінеді: ауылшаруашылық кәсіпорындарының жеке, кооператив-тік және қоғамдық ұйымдардың мүлкін, мемлекеттік мүлікті, халықтың мүлкін сақтандыру. Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына байланысты сақ-тандыруды мынадай түрлерге бөледі: ауылшаруашылық дақылдарын, аңдарды, құрылысты, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар мүліктерін, үй мүлкін; көлік құралдарын, жеке ауланы; қаржылық қа-уіпті (оның ішінде банктік операциялар, бағалы қағаз нарығындағы операция-лар); жүкті; мұнай операцияларын (мұнайды қазу, өңдеу және тасымалдау) және т.б. сақтандыру.
Мүліктік сақтандыруда міндетті түрде көлік құралдарының барлық түрле-рінде тасымалдаған кездегі тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азамат-тық-құқықтық жауапкершілігі және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады. 1996 жылдан бастап, ауылшаруашылық өнді-рісін (көп жылдық өсімдіктер, ауылшаруашылық жануарларын, қозғалатын жә-не қозғалмайтын мүлікті, ауылшаруашылығыгың өнімдері мен тауарларын қо-лайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан және басқа стихиялық апаттардан сақ-тандыру) міндетті түрде сақтандыру қайта жандандырылды.
Жеке сақтандыру – жке тұлғаның өмірі, денсаулығына және сақтанушы-ның өзі мен үшінші тұлғаның басқа қасиеттеріне қатысты жеке тұлғаның мүд-десін сақтандыру. Жеке сақтандыру азаматтарға олардың өмірінде белгілі оқиға болған кезде белгілі ақша сомасын төлеуден көрінеді. Оған өмірді, денсаулық-ты, еңбекке қабілетті және адамның жеке тұлғасымен байлансты басқа мүдде-лерін сақтандыру сияқты ішкі салалар кіреді.
Жеке сақтандыру түрлері: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтан-дыру, неке қиюды сақтандыру, қайтыс болған және еңбек ету қабілетінен айы-рылған жағдайда өмірлік және уақытша сақтандыру; өкінішті жағдайлардың, оның ішінде балаларды сақтандыру; кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар есебінен жұмыскерлерді сақтандыру, әуе, теміржол, теңіз, ішкі су жолдары мен облыс аралық, республика аралық автокөлікте жолаушыларды сақтандыру.
Сақтандыру ұйымына сақтандырудың жаңа аймақтық тәуекелді түрлерін өз беттерінше ашып, енгізуге құқық беріледі. Қазақстандағы сақтандыру арқылы қорғау түрлері мынадай болып келеді: ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыру — өмірді аймақтық сақтандыру, жер сілкіну жағдайын сақтандыру, әскерге шақы-рылғандарды сақтандыру, әйелдердің босану жағдайын сақтандыру, жануарларды ұрлау жағдайын сақтандыру, уақытша орын ауыстырылған мүлікті (демалыс ке-зінде алып жүрген, іссапарға және басқаларға алып жүрген) сақтандыру, азаматтар жеке меншігіне алған пәтерді сақтандыру. Коммерциялық банк секторын дамыту жеке тұлғалардың банктік депозиттерін сақтандыруды енгізу қажеттілігін тудыр-ды. Әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздіктің, салық қызметінің жеке құрамы міндетті түрде сақтандырылады.
Сақтандыру түрлері екі бағытта құрылады: азаматтар мүлкін белгілі қауіп-тен және қауіп-қатер тобынан сақтандырушының қалауына қарай сақтандыруға мүмкіндік беру; кез-келген мүлікті толығымен емес, материалдық құндылық-тарды жеке-жеке сақтандыруға мүмкіндік беру.
Бақылау сұрақтары:
- Сақтандырудың экономикалық мәні қандай?
- Сақтандыру қорларының қолдану бағыттарын атаңыз.
- сақтандыру қорларын құру әдістері қандай?
- Нарықтық экономика жағдайында сақтандыру қатынастарының дамуы жайлы айтыңыз.
- ҚР-да сақтандыру нарығының дамуы жайлы айтыңыз.