Мориак (Mauriac) Франсуа

МОРИАК

Мориак (Mauriac) Франсуа (11.10. 1885, Бордо, — 1.9.1970, Париж) – француз жазушысы. Француз академиясының мүшесі (1933). Мориактың алғашқы романы – «Бұғау астындағы перзент» (1913), «Сүйкімсізді сүю» (1922), «Ана» (1923), «Тереза Дескейру» (1927, орыс тілінде 1927), «Ордалы жылан» (1932, орыс тілінде 1934), «Кесілген жол» (1939, орыс тілінде 1957) атты романдары оның даңқын шығарды. Соғыс жылдары антифашистік бағыт ұстап, «Қара дәптер» (1943) мақаласын жариялады. Соғыстан кейінгі жылдары «Агнец» (1954), «Бағы заман жеткіншегі» (1969, орыс тілінде 1970) т.б. романдарын жазды. Мориактың эстетикалық көзқарасы «Роман» (1928), «Романист және оның кейіпкерлері» (1933, 1970) т.б. еңбектерінде баяндалған. Ол реализмді қолдап, модернизмге қарсы болды. М.Нобель сыйлығының лауреаты (1952).
Әдеб.: Кирнозе З.И., Франсуа Мориак, М., 1970.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *