Моравиа (Moravia) Аьберто

Моравиа (Moravia) Аьберто (лақап аты; шын фамильясы Пинкерле, Pincherle; 28.11.1907 ж. т., Рим) – итальян жазушысы. Моравианың творчествосындағы әлеуметтік-психологиялық проблематика оның италия буржуазиясының жас буындары арасындағы бойкүйездікті суреттеген «Селқостар» (1929) романы арқылы байқалды. 30-40 жылдардың басында фашистік режимге қарсы сықақтарын жазды. Оның «Римлянка» (1947), «Жылмысқы» (1951) романдары да фашизмді әшкерелеуге арналған. Моравианың буржуазиялық қоғамының құлдырау сатысын суреттеген «Чочара» (1957), орыс тілінде (1958), «Іш пысу» (1960), «Назар» (1965), «Мен және ол» (1971) т.б. романдары, «СССР-де бір ай» (1958) атты сапарнамасы бар.
Әдеб.: Потапова З.М., Неореализм в итальянской литературе. М., 1961.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *