Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
емтихан материалдары
1 курс
1. Еңбек нарығы. Кәсіпкерлік – табыс көзі. Кәсіпкерлік – шеберлік.
Әлеуметтік сұраныс және отандық өнім.
2. Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы.
3.Берілген сөздерден сөйлем құрастыр: колледж, бақыт, береке, мамандық, оқулық, қазақ тілі, білім жүйесі.
1. Бос уақытты жоспарлау. Уақыт – сыншы. Демалыс мәдениеті.
2. Қадыр Мәрза Әлі – философ ақын. «Аралым…»
3.Берілген сөздерге сын есім жұрнақтарының тиістісін жалғаңыз.
-ты/-ті, -ды/-ді, -лы/-лі,-қы/-кі, -ғы/-гі;
Тау, сәт, тас, жаңбыр, боран, жұлдыз, бақыт, ақыл. білім, түс, кеш, көктем, бүгін, ертең, жаз.
1. Отандық өнімді пайдаланамыз. Орталық Қазақстан – кенді аймақ.
2. Балғабек Қыдырбекұлы – танымал жазушы. «Теміржолшы»
3. Болымсыз етістік жасап, жұрнақтардың астын сызыңыз.
Ұйықтаймын, жатамын, сөйлейсіз,аласың, қыдырады,бересіңдер, келеді, жатамын.
1. Қазақ киносының атасы. Қазақстанның мәдени өмірі. Театр фестивальдары. Тарихи шығарманы сахналау.
2. Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең, табылады?»
3. Мына сөздерге антонимдер жазыңдар.
Төмен үлкен
Сұйық куану
Ерте табу
Көрікті аласа
1. Мұхиттағы жануарлар әлемі. Мұхиттағы өсімдік әлемі. Мұхит және экологиялық проблемалар.
2. Думан Рамазан. «Соңғы дем» әңгімесі.
3. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңдар.
Күл, ойна, жүр, есепте, ойла, талда, тапсыр.
1. Ұлттық экология бастаулары. Экологиялық мәдениет және тыйым сөздер.
2. Мұқағали Мақатаев. «Сағатым қайда, сағатым?» өлеңі.
3. Берілген сөздерді көпше түрде жаз: көйлек, сөз, студент, қала, кітап, көз, оқушы, тау, би, ән.
1. Экология және кәсіби маман мәдениеті. «Жасыл белдеу» бағдарламасы және экология.
2. Несіпбек Айтұлы. «Бәйтерек» поэмасы.
3.Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар:
Күрес күту той әдемі отан
Дос аспан көп ұстаз отбасы
1. Ұлттық мерекелер. Айт қабыл болсын!
2. Сайын Мұратбеков. «Тел өскен ұл» повесі.
3.Сөйлемдерді оқып, қос сөздер кездессе, белгілеп жазыңдар.
1.Бізге киім кешек сатып алу керек.2.Олар қаланы азық түлікпен, жеміс жидекпен қамтамасыз етеді.3. Іскер адамдар күні түні жұмыс істейді.
1. Сауда тарихы. Ұлы Жібек жолы – сауда мәдениетінің өркендеу биігі. Екіжақты келісімді сауда.
2. Қабдеш Жұмаділов – қаламгер. «Қаздар қайтып барады» повесі.
3.Сөздерді жасалу жолдарына қарай бөліп жазыңдар.
Балалық, айтыс, мейірімсіз, Екібастұз, зерттеуші, жастық, өнерпаз, бұлтсыз, жандос, жап-жасыл, бес-бестен,білімпаз.
Біріккен сөздер: Қос сөздер: Туынды сөздер:
1. Радиоарналарды тыңдаймын. Қазақтың тұңғыш журналист қыздары.
2. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» (романнан үзінді), 3-кітап.
3.Берілген сөздерді есімдіктермен дұрыс тіркестіріп жазыңыз.
Дәптерлері, оқулығым, ұстазы, қаламдарымыз, орындықтарың, дискісі, көршің, елім, дәстүріміз, суреттері.
1. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің жіктелуі. Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік топтар. Жұмыссыздық және әлеуметтік теңсіздік.
2. Сәбит Оразбай. «Өмірдің өзі – театр» (үзінді).
3. Қос сөздер. Мысал келтір.
1. Нашақорлық – қоғамдық дерт. Темекі тарту – зиянды әдет.
2. Дүкенбай Досжан. «Төрт патшаны көрген кейуана» (хикаят).
3. Синтаксистік талдау жасаңыз
1. Менің үйім алыста. 2. Оның көршісі жақсы адам. 3. Біз Абайдың өлеңінен үзінді жаттадық.
1. Сандық технология. Сандық теңсіздік. Электронды үкімет.
2. Ыбырай Алтынсарин. «Атымтай Жомарт» әңгімесі.
3. Сөздерді буынға бөліп, буындарын ажыратыңыз.
Нан, сүт, ірімшік, ұстаз, оқушы, ата, ұзын, бал, есік, жер, ел, шеберхана, ұзын, адам, ұлт,ақ
1. «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды». Тәртіпсіздік неден басталады?
2. Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді).
3. Көп нүктенің орнына жіктік жалғауларды қосыңыз.
1.Мен жақсы … 2. Сен әдемі… 3Олар тәртіпті… 4.Сен оқушы… 5.Мен тарихшы … 6.Сендер студент… 7.Біз мұғалім… 8. Біз қазақ… 9.Ол апа….
1 Әлеуметтік мәселе туралы не білесің? Отбасы – құндылық. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
2. Гүлжауһар Сейітжан. «Қара алтыны халқымның…».
3.Біріккен сөздерден сөйлем құрастыр.
Болашақ, Талдықорған, тасбақа, Ақсу, күнтізбе.
1Табиғатты аяла. «Жасыл ел» бағдарламасына қатысaмын.
2. Ерболат Әбікенұлы. «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. «Жігітті намыс өлтірер…».
3. Берілген сөздерді септе: атам, қағаз.
1. Мұнай – еліміздің шикізат байлығы. Туған өлкенің экологиясы. Атомдық индустрияның болашағы.
2. Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасы. Ілияс Жансүгіров. «Жетісу» суреттері.
3. Сөздерді тәуелдеңіз: колледж, кітап, қайшы
1. Екі тілді білген – екі адам. Қазақ тілі – қандай тіл? Шешендік сөз өнері.
2. Ермек Өтетілеуұлы. «Ата Заң».
3. Сұрақтарға жауап бер.
1.Сен қайда оқисың?
2.Неше жастасың?
3.Сенің үйің қай көшеде?
4.Күн қандай, жылы ма, әлде салқын ба?
5.Шеберханада не істейсіңдер?
6.Нешінші курста оқисың?
7. Досың бар ма?
1. Жұмыс және табыс. Жұмыс табу – мәселе. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
2. «Өркениеттің адасуы» (романнан үзінді).
3. Туған жер туралы мақал –мәтелдерді аяқтаңыз:
Туған жердей жер болмас, …. … … … .
Отансыз адам — … … .
Туған жерге … … .
Отан оттан да … .
1. Ұлы даланың жеті қыры. Атқа міну мәдениеті. Заманауи ат спорты.
Құсбегілік – ұлттық өнер.
2. Ұлықбек Есдәулет – ақын, қайраткер. «Қара пима» поэмасы. «Қара пима» – трагедиялық шығарма.
3. Мына сөздерді сөз құрамына қарай талдаңыз:
Есептерді, жұмысшыға, студенттердің, колледжде, мемлекеттік.
1. Туризм тарихын білесің ба? Қазақстандағы экотуризмнің дамуы.
2. Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі.
3. Берілген етістіктерді өткен шақ формасында жазыңдар:
Айт, бар, есепте, ойла, талда, тапсыр, ойна, сана.
1. Әкеге қарап ұл өсер… Асыл текті аналар. Гендер және тіл. Қазақ отбасындағы гендерлік ерекшеліктер.
2. Әбдіжәміл Нүрпейісов. «Қан мен тер» романы..
3. Мамандыққа байланысты сөздер жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз
1. Ел болашағы. Наноспутник жасаған жас ғалымдар. Жастар мәселесінің түйіткілдері.
2. Дулат Исабеков «Әпке» шығармасы.
3. Сан есімдерді сөзбен жазыңыз:
2014, 615, 98 1957, 63.
1. «Жаһандық миграция» деген не? Иммиграция – үздіксіз процесс. Көші-қон тарихы.
2. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы, 2-кітап. Тайғақта.
3. Көп нүктенің орнына тәуелді септеудің жалғауын жазыңыз: Сіздің іні.. неше жаста? Мен кітап … үстелдің үстіне қойдым. Асан аға … 3 жас кіші. Марат әке… ұқсайды. Сәуле апа …. қонаққа барды.
1. Толеранттылық – бейбітшілік кепілі. Береке басы бірлікте. Ел бірлігін сақтау – бабалар аманаты.
2. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы, 1-кітап. Қайтқанда.
3. Өз өмірбаяңызды жазыңыз.