КЕНЖЕБАЕВ Бейсенбай

КЕЖЕБАЕВ

КЕНЖЕБАЕВ Бейсенбай (1904-87) – әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, аудармашы, филологиялық ғылым докторы, профессор. Ол Абай мұрасын зерттеуге айтарлықтай үлес қосты. Ғалым “Абай”. 1923 ж. Ташкентте басылған “Абай шығармаларының жинағына сын” (“Еңбекші қазақ”, 1925, 28 шілде), “Абай туралы пікірлер” (“Әдебиет майданы”, 1935, № 1, 2, 153-158 б.), “Абай ақын” (“Лениншіл жас”, 1945 ж. 15 тамыз), “Қазақ әдебиетінің данышпан атасы” (“Коммунист”, 1949 № 7), “Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы” (Абайдың өмірі мен творчествосы. Алматы, 1954), “Абай өлеңдерінің ұйқасы туралы” (“Вестник АН КазССР”, 1954, № 9). “Әділ сынасайық” (“Қазақ әдебиеті”, 1955, 23 қыркүйек), “Абай — қазақ халқының жаңа әдебиетінің негізін салушы” (Ученые записки КазГу, Алма-Ата, 1955, т. 1. 96-б.). “Қазақ өлеңінің құрылысы туралы” (Алматы, 1955), “Түр және дәстүр” (“Қазақ әдебиеті”, 1956, 24 ақпан), “Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы жазушылары” (Алматы, 1958), “Абай Құнанбаев” (“Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері”, Алматы, 1973) т.б. ғылыми-зерттеу мақалалар мен кітаптарында Абайдың өмірі мен шығармашылық еңбегін кеңінен талдайды. Өлеңдерінің өзіндік өрнегін, мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін саралайды. Абай жайлы жазылған сын еңбектерін қорытып, жаңа байламдар жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *