«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық ..
Өшпес өмір ,таусылмас мал табалық…
Білмегенді білуге тырысалық!..
Жақсы білім іздеуге жалықпалық!..
( Шәкәрім)
Ұстазы мейірімдінің шәкірті пейілді
Егеменді еліміздің алдыңғы отыз елдің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылуда. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау –басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалынуы, Кембридж тәсілдерін қолданудың 3 айлық курсына ІІІ деңгейі бойынша баруға қуана келістім.Себебі қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға жете назар аударылмайтындықтан мектеп балаларының басым бөлігі оқудың, оқу пәндері арқылы алынатын білік – дағдылардың өз өмірлеріне қажеттілігін түсінбейді, оның өз болашағымен сабақтастығын сезінбейді. Балалардың арасында оқуды күнделікті мектепке барып , белгіленген сағат мөлшерінде сыныпта отырып қайтуға тиіс міндет секілді қабылдайтындардың бары да жасырын емес. Сол себепті де «қазір балалар сабаққа қызықпайды», «оқушылар тек ата-анасынан қорыққанынан сабаққа келеді», «өздігінен оқуға ,тапсырманы орындауға икемсіз», «оқушылар оқуға құлықсыз, қазір айтқаныңды қазір ұмытып қалады» деген сөздерді жиі естиміз. Ал жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып ой еркіндігін . белсенділігін , ізденімпаздылығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және пәнді меңгеруде оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған ұстанымды ұстанады.
Оқушыларға жаңа «Кең ауқымды дәріс» , «ЖИГСО»,«Синквейн» , «Топтастыру», «РАФТ», «Ротация» , «Веер», «Бортты журнал» әдістерін пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген ынтасын арттырып, көп ойланып,ұтымды ойларын жеткізе білуге дағдыландыратынын түсіндім.
Балалардың өздеріне сенім артса, олардың қолынан бәрі келетінін, оқуы тиімдірек, зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын аңғардым.
Алдағы уақытта жеті модульді ықпалдастыра отырып , тиімді әдістерді жұмыс барысында жүзеге асырсам деймін Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің : «Ел боламын десең , бесігіңді түзе»,- деген өте терең мәнді нақылы бар .Ол- еліңнің ертеңі –жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз. Менің де алға қойған мақсатым- ғылым мен білімнің шырқау биігіне самғау арқылы барлық шәкіттерді білім нәрімен сусындату , проблемаларды шешу қабілетін арттыру ,болашақ өмірге тәрбиелеу.