Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері
Сабақтың мақсаты: 1. Үш би туралы түсінік беру. Шешендік сөздерді түсініп оқуға
дағдыландыру.
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өтірік өлеңді жатқа сұрау. ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Үш би, үш арыс дегенде көз алдылаңа кімдер елестейді?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Үш би туралы түсінік алу. Шешендік сөздерді түсініп оқуға
дағдылану.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.( портреттерін көрсетіп отырып олардың өмірлері туралы түсіндіру)
Төле би Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген.Төле би 15 жасынды билікке аралысып, әділдігімен елге танылады.Ол кезде Қазақ пен Жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді.
Қазыбек би аумалы – төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешкен. Қаз дауысты Қазыбек Жоңғар хандығына үш рет елшілік, мәмлегерлік жолмен барған.
Әйтеке би 12 жасына дейін ұлы әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып,ел басқару мен әскери өнерді үйренді.Бұхара мен Самарқан медреселерінде араб-парсы тілдерін үйренген
2. Оқып, талдау.
Берілген шешендік сөздерді оқып талдау, мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
— Шешендік сөздерді айтқан кімдер?
— Билердің суреттеріне зер сал, олардың бейнесінен не байқадың? ( Байсалдылық, сабырлылық, ақыл мен паррасат, т.б.)
3. Сергіту сәті.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
Іштей, дауыстап – тізбектей.
Берілген мәтінді сахналық қойылым ретінде көрсетеді.
2. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Билердің сөздерін жаттап келу.