Қожанасыр мен Алдаркөсе. Үш сом

Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:\
Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен Алдаркөсе. Үш сом
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге
дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Әдепті болуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық:
Амансың ба алтын күн?
Амансың ба көк аспан?
Амансың ба достарым?
Сендерді көрсем қуанамын !
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Алдаркөсе деген кім?
— Ол қандай кісі болған?
— Қожанасыр деген кім?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Қожанасыр мен Алдаркөсе», « Үш сом» мәтінімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Мәтінді оқып, талдау, мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
— Әңгіме не туралы?
— Алдар қойшыны қалай алдады?
— Ол неліктен алдынғы заттарын қосып, көбейтіп айтты?
— Аңыз кейіпкерлерін ата
— Екі аңыздың ұқсастығы неде?
— Екі кейіпкерге де қандай қасиет тән деп ойлайсың?
2. Сергіту сәті.
Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Аңызды оқып мазмұндап келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *