Сабақтың тақырыбы: Қартқожаның туған жері Ж. Аймаутов
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге
дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Туған жерді сүйюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сөзжұмбақ шештіру.
О
Т
А
Н
1. Қалың ағаш өсетін нулы жерді қалай атайды?
2.Отбасындағы әке атауы.
3. Ел сөзін басқаша қалай атауға болады?
4. Мемлекеттік рәміздердің бірі.
Сұрақтарға жауап алу.
— Отан сөзін басқаша қалай атауға болады?
Көп нүктенің орнына сөздерді қойып дауыстап айтады. Отаным, туған жерім.
Менің …. — Қазақстан.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Ж. Аймауытов туралы білетіндерін еске түсіру.
2. Оқып, талдау.
Қартқожаның туған жері туралы әңгімесін оқу, талдау, мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
— Қартқожаға не нәрсе қатты әсер етті?
— Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді?
— Берілген мәтінді неше бөлікке бөлуге болады? Әр бөлікке ат қояды.
Суретпен жұмыс.
— Суретте не бейнеленген?
— Сурет мазмұны қай бөлікке сайкес?
3. Сергіту сәті.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған жолдарын тауып, дауыстап оқиды.
2. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс: Үй басы — әр үй Ет бауыр жақын — жақын туыс
Ашамай — балаға арналған ер Шерсіз — қайғы — мұңсыз
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Оқып мазмұндап келу.