Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
1 Ұлттық экономика. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы
2 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері
Ұлттық экономика күрделі көп деңгейлі шаруашылық жүйе деп қарастырылады, оның мәні зерттеу мақсатына қатысты анықталынады. Экономикалық қызметті талдауда ұлттық экономиканың анықтамасы келесідей:
Ұлттық экономика – сол елге тән қоғамдық еңбек бөлінісінің, ғылыми-техникалық даму мен халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде қалыптасатын өзара қатынастағы салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) біріңғай кешені.
Ұлттық экономиканы құрылымдық жағынан құқықтық, салалық және кеңістік ұйымдар арқылы қарастыруға болады.
Құқықтық жағынан ұлттық экономика – бұл заңды тұлға статусы бар ұйымдар жиынтығы (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар);
Салалық жағынан ұлттық экономиканы талдау кезінде экономикалық қызмет сферасы, акторы, саласы, түрі деген түсініктер қолданылады.
Ұлттық экономиканы сфераларға бөлу олардың жалпы ішкі өнім мен ұлттық өнімнің есептелуіне қатысуларымен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, сфераларға бөлу біріңғай экономикалық қызмет тізбегін қарастыруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес барлық ұлттық экономика екі сфераға бөлінеді: материалды өндірістік сферасы мен өндірістік емес сфера.
Материалды өндірістік сферасы – айналым сферасында өндіріс процессінің жалғасы болып табылатын қызметтерді атқаратын немесе материалдық блага жасайтын экономикалық қызмет түрлері мен салаларының жиынтығы ретінде қарастырылады.
Өндірістік емес сфера тұрғындарды қамсыздандыратын қызмет түрлері мен салаларды бірлестіреді:
білім беру;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет түрлері;
коммуналды, әлеуметтік және персоналды қызметтерді көрсететін қызметтер;
Экономикалық процестерді жалпы түрде сипаттау үшін ұлттық экономиканы секторларға бөледі.
Ұлттық экономика секторлары деп экономикалық процесте жүзеге асырылатын қызмет түрлері мен мақсаттар, өндіріске кеткен шығындарды қаржыландыру тәсілдері жағынан бір институционалдық бірліктердің жиынтығы.
Сонымен, секторларға топтастыру жалпы сипаттамалары бар ұлттық экономиканы теориялық және практикалық мақсатта бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді (статистикалық бақылау үшін, мемлекеттік реттеу үшін және т.б.).
Меншік формаларына байланысты экономика секторлары: мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік сектор мемлекет меншігіндегі немесе мемлекеттік органдармен басқарылатын, бақыланатын икәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жиынтығы.
Жеке меншік сектор мемлекетпен тікелей бақыланбайтын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер жиынтығы.
Нарықты мемлекеттік реттеу – екі негізгі функцияны орындаудағы мемлекеттік органдардың қызметі.
1) нарықтық механизм жұмысының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;
2) нарықтық механизмі әлсіз салалар экономикасына әсер ету.
Экономиканы мемлекетік реттеу – нарықтық механизмнің әрекет етуінің дұрыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық конъюнктура мен шаруашылық субъектілер қызметіне мемлекет тарапынан әсер ету.
Әсер ету объектісіне байланысты экономиканы мемлекеттік реттеу ресурстарды, өндірісті, қаржыны реттеуді қамтиды. Ол экономикалық саясатты жүргізу арқылы жүзеге асады.
Экономикалық саясат – экономиканы басқару бойынша әрекеттер жиынтығы, шаралар жүйесі.
Экономикалық қатынастарға қатысушылардың мүдделеріне әсер ету әдісі бойынша нарықтық шаруашылыққа мемлекеттің әсер ету инструменттерін әкімшілік және экономикалық деп бөлуге болады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]