Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбаев

Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбаев 13
Сабақтың мақсаты: 1.Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу.
2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға
дағдыландыру.
3. Ғылымға, оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, Абайдың портреті, кесте.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді мынерлетіп оқыту. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
( Абай ата туралы өткенді еске түсіру)
— А. Құнанбаев деген кім?
— Ол қай жылы туылып, қай жылы қайтыс болды?
— Әкесінің аты кім? Шешесінің аты кім? Әжесінің аты кім?
— Оның қандай шығармашылығымен таныстық?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Абай атаның «Ғылым таппай мақтанбы» өлеңімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Енді Абай ата жақсы іс пен жаман іс туралы не деген, соны оқып көрейік.
2. Оқып, талдау.
Өлеңді оқып оны талдау.
— Жаман істерге нені жатқызамыз? — Жақсы істерге нені жатқызамыз?
Төменгі сызбаны толтырады.

 

 

Талап Еңбек Терең ой Өсек Өтірік Мал шашапақ

Қанағат Рақым Еріншек Мақтаншақ
3. Сергіту сәті.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне жазады.
Оқушылар өз бойында жақсы, жаман мніез – құлық белгілерін тауып сызбаны толтырады.
Менің бойымдағы ұнамды қылықтар Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар


3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқып келу.

Сабақтың тақырыбы: Білім керек бәріне Ф. Оңғарсынова 14
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу.
2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға
дағдыландыру.
3. Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді мынерлетіп оқыту. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Білім не үшін керек?
— Оны білу үшін Ф. Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңінен білеміз.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Ф. Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген.1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қол таңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
2. Оқып, талдау.
Өлеңді оқып, мазмұнын ашу, талдау.
— Сонымен осы өлеңде айтылғандай білім не үшін керек екен бәріне?
(оқушылардың ойларын тыңдап шығу)
3. Сергіту сәті.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазады.
Қаламақты жаздыру.
Қағаз, қалам
Қолға алам.
Үлкен болам,
Үй салам.
3. Қорыту.
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап келу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *