Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге
дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Адалдыққа, Шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а)Ертегінің мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) 50 – беттегі ертегі кейіпкерлері мен танысу.
IV. Мақсат қою.Бүгінгі сабақтың мақсаты– Шибұт, Қылмойын, Қарынбас ертегісімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Мәтінді оқу, мазмұнын ашу, талдау.
Сұрақтарға жауап алу.
— Ертегі кейіпкерлерінің аттары кім екен? Неге солай аталған?
— «Ұрлық түбі қорлық» деген мақалды қалай түсінесің?
2. Сергіту сәті.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
іштей, дауыстап – тізбектей.
Оқыған ертегілерін жүйелейді.
Жан – жануарлар туралы ертегілер. Қиял – ғажайып ертегілері. Шыншыл ертегілер.
Аңқау арыстан
Қасқыр мен түлкі Ұр, тоқпақ Байлық пен ақыл
Сақина
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазып алады.
Сөздік жұмыс: Жан тапсыру — қайтыс болу, өлу
Мүрдем кету- өлу, өліп кетуі
Толтырған кестені дәптерге жаздыру.
3. Қорыту.
Сұрақтарға жауап алу
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
Сонымен атадан қалған мұра бөліміндегі ертегілер әлеміме таныс болдық.
— Сендерге қай ертегі көбірек ұнады және несімен ұнады?
— Бұдан басқа өздерін қандай ертегі білесіңдер?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
Ертегіні оқып мазмұндап келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *