Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік жырлары . Қой
Сабақтың мақсаты: 1. Жырларды түсініп оқуға,мазмұнын айта білуге дағдыландыру,
төрт түлік жырлары туралы түсінік беру
2. Тілін,сөздік қорын дамыту
3. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Ертегінің мазмұнын айтқызу ә)Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Атадан қалған асыл мұра бөлімі бойынша қандай саланы өттік?
— Онда біз қандай ертегілермен таныстық?
IV. Мақсат қою.
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Төрт түлік жырлары туралы танысамыз.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Қазақ халқы төрт түлік малды ерекше құрметтеген.Өйткені мал деген жесе-
азық, мінсе-көлік қой.Ертегіде адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген.Сондықтан төрт түліктің иелерінің әрқайсысына «Малымызға ауру,індет жіберме,одан сақтай гөр,малымызды өсімтал ет»деп өлең сөзбен тіл қатады,тілек айтады.
Қазақ халқы «жылқы киелі мал,түйе ұлық мал,қой бейіштен шыққан» деп төрт түлігін әспеттеген.Өмірінің мәнін,тұрмыстың сәнін келтірер малды аса құрметтеген. «Малдың басынан ұрма», «Мал баққанға бітеді» деп оны қатерлеуге шақырған. «Ас көп болса,кәде көп» деп ежелден мал өнімін азық еткен алаш жұрты ас мәзіріне ерекше мән берген.Елінің басына амандық тілер батаның өзі «Төрт тілігін түлесін», «Мінгенің тұлпар болсын», «Ақ мол болсын», «Дастарқан байлығын берсін» деген сөз тіркестерінен тұратындығы бақыт та,береке де баршылықпен байланысты екенін хабардар етіп тұр.
Жұмбақ шешу: (Жұмбақты шешіп танысатын тақырыбымызда ашып аламыз)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
2. Оқып, талдау.
1. Мақал – мәтелді түсініп оқиды.
2. «Қой» атты жырды оқиды мазмұнын ашады, талдайды.
3. Сергіту сәті.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазып алады. Сызбаны толтырады.
Жүннен жасалатын заттар Терісінен жасалатын заттар Сүтінен әзірленетін заттар
Жіп иіріп нәски тоқиды
Кеудешелер.т.б тоқиды Сырт киімдер тігеді Құрт,май, сүт
3. Қорыту. — Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Жырды жаттап келу.