Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгіл(ертегі).
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге
дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Ақылды , тапқыр болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
Амансың ба алтын күн?
Амансың ба көк аспан?
Амансың ба достарым?
Сендерді көрсем қуанамын !
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
2) – Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
3) – Қандай?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Төрт мезгіл» ертегісімен танысамыз.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
«Төрт мезгіл» ертегіні оқып, түсіндіру, талдау.
2. Сергіту сәті.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
Суретпен жұмыс.
Сұрақтарға жауап алу.
— Ертегі не туралы?
-2. Дәптермен жұмыс.
Әр мезгілдің айларын дәптерлеріне жаздыру.
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
Ертегіні оқып мазмұндап келу.