Торы құлын.Сиыр

Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Торы құлын.Сиыр
Сабақтың мақсаты: 1. Жылқы малының пайдасы туралы түсіндіру. Жырларды түсініп
оқуға дағдыландыру.
2. Тілін,сөздік қорын дамыту
3. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Жырды жатқа сұрау. ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Халық малды неліктен ерекше құрметтеген?
— Мінсе-көлік дегенді қалай түсінесің?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты – Жылқы туралы білу. Торы құлын жырымен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
1. Мақал – мәтелді түсініп оқып, мазмұнын талдау.
Тұяқ тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
Мақал – мәтелдегі жылқыға қатысты сөздерді санамалап айтады
Тай, құнан, ат- бұлар жылқы малының жастарына байланысты айтылған.
2. Торы құлын жырын түсініп оқып, талдау.
— Жырда құлынды қалай сипаттаған?
2.Сергіту сәті.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Суретпен жұмыс:
Мәтіндегі сөздерді пайдаланып, торы құлынды сипаттайды.
Басы құп- құлдыр Жалы жібектей
Көзі моншақтай Саны білектей
Ерні жып – жымыр Құйрығы шашақтай
Жағы қалақтай Мойны садақтай
2. Дәптермен жұмыс.
Осы сипаттаманы дәптерлеріне жазып алады, және өз беттерінше жылқының пайдасы туралы сызба құрастырады.
Мысалы: Көлік Жылқы Әсемдік
Азық Байлық
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Жырды жаттап келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *