Сабақтың тақырыбы: Сиыр
Сабақтың мақсаты: 1. Жырды түсініп оқуға,мазмұнын айта білуге дағдыландыру.
2. Тілін,сөздік қорын дамыту
3. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Жырды жатқа сұрау. ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Төрт түлікке тағыда қандай малды жатқызамыз?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты – жырды түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдылану.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Мақал – мәтелді түсіп оқиды, мағынасын түсіндіреді.
Сиырлының үйі – айран,
Сиырсыздың үйі- сырдаң.
Сиырдың сүті – тілінде.
Жырды оқиды, талдайды.
Сұрақтарға жауап алу.
— Жыр не туралы?
2. Сергіту сәті.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
Іштей, дауыстап – тізбектей.
Суретпен жұмыс. Жырға сүйеніп сиырға сипаттама
Мүйізі айдай иілген
Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік, құрт, майы тілді үйіреді.
2. Дәптермен жұмыс.
Сиырдың пайдасы туралы әңгімелеп, дәптерлеріне жазады.
Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар Сиырдың терісінен жасалатын заттар Сиырдың етінен әзірленетін
тағамдар
Айран
Құрт
Ірімшік Сырт киімдер
Қазақша ет (бесбармақ)
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Жырды жаттап келу.