Рухани байлық — игілік көзі


«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің
№10 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізетін:
Мектеп психологтары
Тасмурзаева Ш.Н.
Алиякпарова К.Т.

 

 

 

 

 

 

 


Жезқазған 2014 ж


Сынып: 10 «А»
Қатысатын оқушы саны: 12
Мақсаты:
— оқушыларды жақсы ой ойлау, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білу — рухани байлық екенін үйрету
Міндеттері:
— рухани байлық көздерін ұғындыру
— рухани байлықты бағалай білуге үйрету
— рухани байлыққа тәрбиелеу
— жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру;
— оқушыларды жақсы ойлауға, ізгі ниетті болуға үйрету;
Топқа қажет жабдықтар:
Төмендегі нақыл сөздерді еске сақтау арқылы оқушылар сабақтың түйінін есте сақтайды.
Жақсылық та, жамандық та біртіндеп, мысқалдап сіңеді бойға. Сөйте-сөйте бүкіл ойыңды, бойыңды билейді.
Ғ.Мұстафин
Өзіне сенбейтін кісі төңірегіндегілердің бойынан ешқандай жақсы сипат, жақсы қасиет көрмейді. Ал өзіне сенетіндер бейқам келеді.
Ә.Кекілбай
Игілікке қол жеткізу-қашанда екі шартты қатаң сақтауға байланысты. Алдымен, қызметтің кез-келген түрінде түпкі мақсатты дұрыс белгілеу керек, сонан соң түпкі мақсатқа жеткізердей тиісті жол іздеп табу қажет.
Аристотель
(Осы сөздірдің барлығы тақтада тұрады және қосымша мақал-мәтелдерді ватманға қолмен жаздыртамыз):
Мысалы:
• Сабыр түбі-сары алтын»
• «Ойламай сөйлеген — опық жейді»
• «Шебердің қолы-ортақ»
• «Еңбек бүтіндейді-жалқаулық түтіп жейді»
• «Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның тіленбей»
Тренингтің басталуы:
Жеңіл музыка әуенімен ата-аналарды шеңбер бойымен жайластыру.
Жүргізуші: (Әр қайсысында жеке жазылған). Қайырлы күн, ата-аналар, қонақтар. Осы кездесуге келгендеріңізге қуаныштымыз. Кездесуіміз оқушылармен бірге тренинг түрінде жүргізіледі. Қытай даналығы «Айтқанды – ұмытамын, көрсеткенді-есте сақтаймын, жасатқанды үйренемін»-деген екен. Біздің міндетіміз-сіздерді өмірлеріңізде қуана білуге, ол қуаныштарыңызды достарыңызға беруге, жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету.
Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы – «Рухани байлық-игілік көзі»
Тренингтің барысы:
1. Амандасу.
Жаттығу барысы: Біз бір-бірімізге баға қоймаймыз. Біз ашықтық, сенім, жағымды психологиялық атмосферасын жасаймыз. Бұл бір-бірімізден қысылмай, ұялмай тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Жылы, мейірімді атмосферада әр адамдағы ең қымбатты – рухани байлық жайлы әңгіме өрбітеміз.
Жұргізуші: Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Мына допты кімге бағыттағанымызға қарай атымызды дауыстай атап, бір-бірімізге лақтыру ойынымен бастайық. Допты қағып алған адам бүгінгі күні немесе болашақта топқа не тілейтінін айтады. Содан соң қолындағы допты келесі адамға жіберіп, солай жалғаса береді.
Жаттығулар
Төмендегі жаттығулар адамнын ішкі дүниесінің «Менін» сезінуге, өз бейнесін сомдауға бағыттайды. Өз «Мені» аркылы өзін калыптастыруға, өзіндік ерекшелікке, өзін-өзі тәрбиелеуге кол жеткізе алады.
«Мен» жаттығуы. Ұжым мүшелері тақтада берілген үлгі бойынша өзі туралы өз ойын жазады және оны топ алдында дауыстап айтады. Бүл көбінесе, жана калыптасқан ұжым үшін жақсы жаттығу болмақ.
Менің атым…………………
Мен…………..(оқушымын).
Менінжасым…………………..
Менің әкем……………………
Менің шешем………………..
Менін ұлтым……………….
Менің түрім…………………
Менің бойым……………………
Менін көзім………………….
Менін досым………………..
Менің мекен-жайым………………….
Жаттығулар: «Менің басқа есімім?» немесе «Маған аяулы есімдер»
Өзіне-өзі талдау. «Мен кіммін?». Паракқа немесе койын кітапшаларына осы сұраққа жауап жазындар. Өздеріңе жақын, туыс адамдарьщ сендерді атайтын аяулы аттарды жазып, өз суреттерінді салуға болады.
Өздеріңді отбасында және достарыңнын арасында калай еркелетіп қыскартып айтатындарын жазындар.
Талдауға арналған сурақтар:
1. Ата-анаңньщ сенің есімінді калай тандағанын білесің бе?
2. Сенің атың нені білдіреді?
3. Сенің фамилияңның тарихы бар ма?

«Сиқырлы жәрменке » ойыны

Жетекші қатысушыларға үш карточкадан үлестіріп береді, оған әркім өзі үшін өмірдегі ең негізгі құндылықтардың не екендігі жазуы тиіс. Мәселен; білім, денсаулық, отбасы, достар, махаббат, сәттілік және т.б.
Жаттықтырушы-сатып алушыларға қалағандарын, яғни; бақытты, мансап, табысты, билікті, махаббатты, денсаулықты, ақшаны, жақындарының бақытын, әлемдегі бейбітшілік, отбасы бақытын сұлулықты, қауіпсіздікті ұсынатын сатушы. Бағасы-денсаулық, тыныш отбасылық өмір, махаббат т.с.с.

 

 

 

 

 


Жетекшіге ескерту:
Саны қатысушылар қатарына байланысты болатын бұл құндылықтарды ертерек карточкаларға жазып қойған жөн. Осылайша адам құндылығының аймағы айқындалады. Осы ойынды орындау барысында жеке адам жаңа құндылықтардың мәнділігін сезінуі мүмкін ғой, әрі өзі үшін барынша маңыздысын таңдай білуге үйренеді.
Кері байланыс:
Барлығы жаттығу барысында өз ойларын айтып, алаңдататын жағдайларды ортаға салады.
«Менің ізгі істерім» ойыны
«Достарым-ау мен бір күнімді жоғалттым» деген император Титаның сөзі естеріңізде болар, бір күні түскі тамақ ішіп отырған ол, күні бойы ешкімге жақсылық жасамағаны есіне түсіп кеткен кезде айтқан екен. Адамдарға, жақындарға, ағайын-туғанға немесе қарапайым таныс адамдарға деген ізгі қарым-қатынас даңқ арқылы ғана емес, нақты істерде де көрінуі тиіс.
• Қане, естеріңізге түсіріңіздерші, кеше қандай қайырымды іс істеп, кімге жанына жылы тиер сөз айттыңыз?
• Ол адам кім еді?
• Сол мезетте сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?
• Ол алғысын қалай білдірді?
• Сіздің ойыңызша алғыс білдірудің түрлері қандай болуы тиіс?
• Қанша қайырымды істі еске түсіре алдыңыз?
• Сіз ізгі іс істеуге қабілеттісіз бе?
Кері байланыс:
Жаттығу барысында бәрі өз ойларын айтып, өздерін алаңдататын жағдайларды ортаға салады.
Қорытынды:
Данышпан филосов Фалес айтқандай,
Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік,
Бәрінен жүйрік – ой.
Бәрінен дана-уақыт,
Бәрінен жеңіл-басқаға ақыл айту.
Бәрінен қиыны-өзіңді өзің тану.
-Иә, балалар, сын түзілмей. Мін түзілмейді дейтін болсақ, біз өз-өзіміздің жан дүниемізге үңіліп, біраз рухани азық, жүрекке демеу болар жақсылық нәрімен сара жолынан танбай бес асыл қасиетті жанымызға жақын ұстай білейік.
Біз көптеген асыл қасиеттерді табиғат иелерінен де үлгі қыла аламыз. Мысалы: ара, құмырсқа, көбелек, құстар. Осылардың ішіндегі араға тоқталайықшы. Олар өте еңбекқор, ынтымақшыл, қайырымды ендеше, бізде өз бойымыздағы асыл қасиеттерімізді ара ұяшықтарына бекітіп жазайық. (Оқушылар араның ұяшықтарына өз құндылықтарын жазып, тақтаға іледі)

 

 

 

 

 

 

 


Қоштасу «Сау болыңыздар!»

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *