«Отбасы – қоғамның басты байлығы»

Тақырыбы: «Отбасы – қоғамның басты байлығы»

Мақсаты: Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Отбасы – қоғамның басты байлығы тақырыбын аша отырып, отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды отбасындағы сыйластыққа, ата-анаға, үлкенге деген құрметке  тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап

Көрнекілік: әсем безендірілген бөлме, отбасы туралы нақыл сөздер мен мақалдар жазылған плакаттар.

Барысы: 1.Ұйымдастыру.

А) Шараның мақсатымен таныстыру.

Ә) Топқа бөлу.

2.Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

3.Негізгі бөлім.

Мұғалім: — Армысыздар, Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі дөңгелек үстел «Отбасым – қоғамның басты байлығы» тақырында өткелі отыр. Мақсатымыз ата-аналар мен мектеп арасындағы қатынасты нығайту, оқушылардың отбасы сыйластығы туралы түсініктерін кеңейту.

          Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Атақты қазақтың ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

«Отбасы – шағын мемлекет,

Мен президент, сен – премьер,»  деген бар.

«Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

«Алты аға бірігіп — әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп – ана болмас» демекші

Әке – дәулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы болса, ана – отбасының  ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі, ерінің адал жары, отбасы беріктігін сақтаушы, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуші адал жан.

Сондықтан да отбасы тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Анасына қарап қызын ал» — деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Жақсылық, береке, бірлік, табыс тілеймін.

Сонымен бастаймыз.

І.Әр топ өз тобының атымен таныстырады. Жүздің жүзін танығанша, бірдің атын тани біл, демейме халқымыз. «Таныстыру» бөліміне кезек берейік.

ІІ. «Жеті атасын білмеген жетесіз». Ендеше қазіргі заманның ұрпақтары ата тегін қаншалықты білетінін айту.

ІІІ. «Бармағынан бал тамған». Баланың өз отбасында (қыз бала анасымен, ер бала әкесімен) бірігіп істейтін, не айналысатын істері жөнінде айту.

ІҮ.Отбасылық дәстүрлер.

Ү.Мақал-мәтелдер жалғастыру, мағынасын ашу.

Мұғалім: Сен бақытты ұлансың! М.Қуанышбеков

Анаң күнің жүрегің,

Әкең өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансың.

Әжен асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Ағаң – қамқор асқарсың,

Інің – мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Адамда өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.

Ендеше, шаңырақтарыңыз шайқалмай, бауырларыңыз бүтін, отбасыңыз аман, еліміз тыныш болсын!

 

 

АТА-АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН,

ӨТЕУ – СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *