Сабақтың тақырыбы: Отан Ж. Смақов
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Туған жерді сүйюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сөзжұмбақ шештіру.
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы.
О
Т
А
Н
2. Мемлекеттік рәміздердің бірі.
3. Ұлттың аты.
4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан.
Сұрақтарға жауап алу.
— «Отан» деген не?
Бұл сұраққа Ж. Смақовтың Отанға деген ыстық сезімі қандай екенін келесі өлеңнен білеміз.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдылану.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Өлеңді оқып, талдау, мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
— Осы өлең қандай көңіл күймен жазылған?
— Ақын Отанды неге теңейді?
Сызбаны толықтыру.
2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
Іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Өлеңді пайдаланып, Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып, оларды дәптерлеріне жазып алады.
Мысалы: Гүлдердің ертемен , мөп –мөлдір аспанын, тауларыдың қол жетпес асқарын.
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап ал.