Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қамалдың қатесі» 15
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру.
2. Білімін,есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– мазмұндама жазамыз.
Тақырыбы: Қамалдың қатесі
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мазмұндаманы оқып, талдау.
Қамалдың қатесі
Қамал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Кеше нөсер жауды. Содан арықтың шеті опырылып қалыпты. Қамал аттап өте алмады. Қамал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Қамал суға күмп етіп түсіп кетті.
2. Сұрақтарға жауап алу.
— Мәтін не туралы?
— Қамал қайда бара жатты?
— Жолда не бар еді?
— Не жауды?
— Жаңбырдан не болыпты?
— Қамалдың әрекеті қандай болды?
— Оның әрекеті дұрыс па?
3. Тірек сөздер мен сөз тіркестері:
Арық, нөсер жауған, шеті опырылып, шетіне қарай ырғалды, сырт етіп.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға мазмұндату.(3 – 4 оқушы.)
2. Дәптермен жұмыс.
Мазмұндаманы жазу.
2 – 3 оқушыға мазмұндаманы оқыту.
3. Қорыту.
— Сабақта не істедік?
VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.