Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Аңшы балалары» 23
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру.
2. Білімін,есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– мазмұндама жазамыз.
Тақырыбы: Аңшы балалары
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мазмұндаманы оқып, талдау.
Аңшы балалары
Баяғыда бір аңшы екі баласымен елсіз – күнсіз аралда өмір сүріпті. Аңшы мекен еткен аралда аң мен құс көп екен.
Аңшының екі баласы адал, әрі қайырымды, құралайды көзінен атқан мерген боп ер жетіпті.
2. Сұрақтарға жауап алу.
— Мәтін кім туралы?
— Аңшының балалары қандай болып ер жетіпті?
— Аңшы қайда мекен етіпті?
3. Тірек сөздер мен сөз тіркестері:
Баяғыда, елсіз – күнсіз, мекен еткен, құралайды көзінен атқан мерген.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға мазмұндату.(3 – 4 оқушы.)
2. Дәптермен жұмыс.
Мазмұндаманы жазу.
2 – 3 оқушыға мазмұндаманы оқыту.
3. Қорыту.
— Сабақта не істедік?
VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.