Сабақтың тақырыбы: Кітап оқу Ж.Аймауытов 7
Сабақтың мақсаты: 1.Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру.
2. Білімін,ой-өрісін дамыту.
3. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау ә)Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Кітап не үшін керек?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Ж. Аймауытовтың «Кітап оқу» әңгімесімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Жүсіпбек Аймауытов қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол 1889 – 1931 жылдар арасында өмір сүрген. Қазақтың ұлттық прозасын биікке көтерген майталман сөз шебері,белгілі қоғам қайраткері.Ол жалған жаламен ұсталып,Мәскеудің аты шулы Бутырка түрмесінде атылып кетті.Оның «Қартқожа», «Ақбілек» атты романдары бар.
2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
3. Оқып, талдау.
Мәтінді оқып талдау, мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
— Мәтін қалай басталады?
— Қартқожа «өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де» неліктен ұмытты?
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазады.
Сөздік жұмыс: Роман – көлемді, күрделі шығарма.
Мәтінге сүйеніп, көп нүктенін орнына қажетті сөздерді қойып жазады.
Қандай? қандай?
….. дала. Аспандағы бұлттар ….. (сабынның көбігіндей, ақ мақтадай)
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
— Сабақ ұнады ма?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндап келу.