Сабақтың тақырыбы: Зеректік С. Бегалин 8
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінде автордың берген ойын, идеясын түсіндіру.
2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға
дағдыландыру.
3. Адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Балалар не жайында сөйлесіп тұр?
— Олар ұлы адамдар жайында сөйлесіп тұр.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– С. Бегалиннің Шоқанның балалақ шағы туралы жазылған әңгімесімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Сапарғали Бегалин қазақтың белгілі жазушысы.Ол балаларға арнап 20-дан астам кітап жазған. Әдебиеттің дамуына елеулі еңбегі сіңген.
2. Сергіту сәті.
3. Оқып, талдау.
Мәтінді оқу, талдау, мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
— Шоқанды оқытқан кім?
— Мәтін қалай аталады?
— Бұл қасиет қай кейіпкерге қатысты айтылған? Неге?
— Шоқан неге ойланып қалды?
— Егер сен асқан білімді болсаң, не істер едің?
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазады
Сөздік жұмыс: Бажайлап- мән беріп
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.