Бидай мен Қаңбақ А. Тоқмағамбетов

Сабақтың тақырыбы: Бидай мен Қаңбақ А. Тоқмағамбетов 12
Сабақтың мақсаты: 1. Бидай мен Қаңбақ атты мысалымен таныстыру.
2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға
дағдыландыру.
3. Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау. ә)Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Жұмбақ шешкізу.
1. Ұзын мұртты сарылар, 2. Шеңбер жасап өседі,
Қойынында наны бар. (Бидай) Желмен бірге көшеді. ( Қаңбақ)
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты – Бидай мен Қаңбақ атты мысалымен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Мысалды оқып, мазмұнын ашып , талдау.
Сұрақтарға жауап алу.
— Дұрыс айтқан бидай ма, қаңбақ па?
— Бидайдың қандай пайдасы бар?
— Нан қалай жасалатынын айт.
— Төменгі сөздер қай кейіпкерге байланысты айтылған?
«Уф» десе, ұшасың Жиғанымыз дән, Көктем шығып, Онда қандай
«Суф» десе, қонасың. Айналамыз толған ән. Күз болса бұғып. Салмақ болсын.

2.Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
іштей, дауыстап – тізбектей.
Мысалды рөлге бөліп, мәнерлеп оқыту.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазады.
Нанға байланысты тыйым сөздер жазғызу.
«Нан қиқымын шашпау
Жерде жатса баспау»
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
Мысалды мәнерлеп оқып келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *