Сабақтың тақырыбы: Байлық пен ақыл (Ертегі) 18
Сабақтың мақсаты: 1.Байлық пен ақыл ертегісімен таныстыру.
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Ақылды , тапқыр болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Байлық деген не?
— «Денсаулық — зор байлық» дегенді қалай түсінесің?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Байлық пен ақыл ертегісімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Ертегіні оқып беріп оны талдау.
Сұрақтарға жауап алу.
— Ертегі не туралы?
— Ертегі кейіпкерлерін ата.
— Әкесі байлығын кімге берімін дейді?
— Ұлдарының жауаптары қандай?
— Саған кімнің жауабы ұнады?Неліктен?
— Суретке қарап әр заттың кімге қатысты екенін айтыңдар.(37 бет)
2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Топтық жұмыс
а) Берілген пікірге өз көзқарастарын білдіреді.
1 – топқа 2 — топқа
Ақылды болсаң, бай боласың. Бай болсаң ақылдың қажеті жоқ.
ә) Ойланып жауап береді.
Адал еңбек етіп көп ақша жинадың делік, Ол ақшаны қайда жұмсар едің?
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Ертегіні оқып мазмұндап келу.