Ата-аналар, сіздер үшін
1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.
8. Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты — өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.
9. Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.
10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.