Атам менің
Атам менің төрт-ақ класс бітірген,
Айыра алмайды бөлшекті де бүтіннен.
Білмейді ол ендікті де бойлықты,
Сонда да атам ой керемет, ой мықты!
Қиқаң-қиқаң қозғап қойып арқасын,
Жатқа айтады Европаның картасын.
Жатқа айтады Европаның картасын,
Өзен-көлін, орман-нуын, тау-тасын…
— Бәрін, ата, қайдан білдің оқымай,
Жаным атам, қайдан білдің оқымай?!
— Жауынгерлік жас шағымда ер күнде,
Жаяу жеттім Москвадан Берлинге.
Жорықтарда ой мен қырын сүйгенбіз
Европаның азаткері, біздерміз!
М. Әлімбаев