Атадан қалған асыл мұра
Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан 17
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Атадан қалған асыл мұра бөлімендегі ертегілер
туралы және аңқау арыстан ертегісімен таныстыру. Ертегіні мәнерлеп
түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Қиялдай біліге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Атадан қалған асыл мұра дегенді қалай түсінесің?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Атадан қалған асыл мұра бөліміндегі ертегі әлемімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Кестені пайдаланып оқушылар атадан қалған мұраға не жататынын түсіндіріп көреді.
Атадан қалған асыл мұра Белгілері
Ертегілер
Төрт түлік туралы жырлар
Аңыздар
Өтірік өлең
Мысалдар
Жұмбақтар
Жаңылтпаштар
Мақал – мәтелдер
Шешендік сөздер
ауызша жеткен халық
шығармалары
— Осы айтылғандардың ішінен ертегі әлемімен танысамыз.
Ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу-сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі.
Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.
Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбек кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты баяндалады.
Ертегілер
Жан – жануарлар Қиял –ғажайып Шыншыл ертегілер
туралы ертегілер ертегілері
— Мына жұмбақтарды шешіп ертегі кейіпкерлері мен танысамыз.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай – шу. (Түлкі)
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті,
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттісі, қызмет қылмақ. (Есек)
2. Оқып, талдау.
Ертегіні оқушыларға оқып беріп, мазмұнын ашып талдау.
— Ертегі не туралы?
— Ертегіде ең қу қай аң?
— Ол Арыстанды қалай алдайды?
— Есекті ше?
— Ертегіні ертегілердің қай түріне жатқызымыз? Неліктен?
3. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
Топтық жұмыс:
Әр бағанда сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін айтады. Әр бағанда бір сөз артық.
Ол қай кейіпкердің сөзі екенін табады.
1 – топқа 2 — топқа 3 — топқа
Мұңын шағады. Қулығына басады. Айқай салады.
Хал- жайын сұрайды. Көңілін сұрайды. Өлер болғанын айтады.
Соңынан ереді. Шомылып келуге кетеді. Бас салады.
(1 – топта есектің сөзі, артық түлкінің сөзі)( 2- топта түлкінің сөзі, артық арыстанның сөзі)( 3- топта арыстанның сөзі артық есектің сөзі)
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазып алады.
Сөздік жұмыс:
Қулығына басады- қулық жасайды Ауыр азап шегіп- Шаршап, қиналып
Мұңын шағады- мұңын айтады Жұғын да жоқ – түк те жоқ
Жері – отты- жері шөпті
Ертегі кейіпкерлерін атап оларға сипаттама береді
Кейіпкерлер Басты сипаты
Арыстан
Түлкі
Есек
аңқау
қу
аңқау
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
Ертегіні оқып мазмұндап келу.