Ана тілі Бөлімді қайталауға арналған тест (№1) 2 – сынып
Білім керек бәріне
1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
А) Ахмет Байтұрсынұлы
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) Шоқан Уалиханов
2. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?
А) Кел, балалар, оқылық
Ә) Бір аллаға сиынып
Б) Оқысаңыз, балалар
В) Оқығанды көңілге
3. «Ата –ана алдындапғы борышың» деген тіркестегі «борышын» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?
А) Қарызың
Ә)Тәртібің
Б) Білімің
В) Қылығың
4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?
А) Жыршы
Ә) Суретші
Б) Әнші
В) Ақын
5. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?
А) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Ахмет Байтұрсынұлы
Б) Абай Құнанбаев
В) Жүсіпбек Аймаутов
6. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген?
А) Ілияс Жансүгіров
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ахмет Байтұрсынұлы
В) Жүсіпбек Аймаутов
7. Қартқожа қай жазушының кейіпкері?
А) Ыбырай Алтынсариннің
Ә) Ахмет Байтұрсынұлының
Б) Ілияс Жансүгіровтің
В) Жүсіпбек Аймаутовтың
8. Қазақ халқының ұлы ғылымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?
А) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Жүсіпбек Аймаутов
Б) Сапарғали Бегалин
В) Ахмет Байтұрсынұлы
9.Абайдың нақыл сөзін аяқта
«Адам баласының ең жаманы — ……..»
А) Білімсіз
Ә) Ақылсыз
Б) Әдепсіз
В) Талапсыз
10. Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.
А) Өсек, өтірік, талап, еңбек, білім
Ә) Өсек, өтірік, қанағат, ұрлық, бірлік
Б) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
В) Өсек, өтірік, ұрлық,салақтық, әдепсіздік