1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқа ұрпақтары арасындағы кикілжіндер хан билігін әлсіретті. Ол былай тұрсын, 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал және 122 360 қазақ императрица ІІ Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен біраз кейініректе Орта жүзде бақуатты Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады.
1810 жылы 27 желтоқсанда Сібір әкімшілігі «бодандыққа ант беруді» әзірлеп, Есіл, Алтай шептерінің барлық бекіністеріне жіберді. Ол Ресей бодандығын қабылдаған қақзатарды Ресейге бағдар алуды қатаң ұстануға міндеттеді және ант бұзушылық үшін қатаң жазалау көзделді. Мұндай пәрмендер Орта жүздегі жағдайды, керісіне, шиеліністіре түсті және біршама тыныштыққа қарамастан, ең көреген сұлтандар, билер, ақсақалдар, көптеген қазақ ауылдары төніп келе жатқан қауіпті сезініп, бөтен елдергге, әсіресе Шыңжаңға қашып, Орта Азия иеліктері шегіне көшіп кетті.
Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы, Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс-қимылын әлдеқалай тежеп отырды. 1817 жылы – Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәли қайтыс болды. Петербург бір жақты қадамға – Орта жүзде енді хан тағайындамауға және оларды бүкіл әлемді Ұлы тітіркенушінің – Шыңғысханның заманына барып тірелетін ертедегі ғұрып бойынша сайламауға бел байлады.
Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны да болмаған ерсі жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзіне жоғарғы жақтан жойып жіберілді.
Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдардағы белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М. М. Сперанскийге жүктеді. Аз зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу және жинақтап көрсету үшін М. М. Сперанский «Сібір жерлерін мәлім етуді» ұсынды. Бұл жобаны жасауға болашақ декабриист Г. С. Батюшков белсене қатысты. Сонымен бірге ол Сібірді басқару туралы заң жобларына бірқатар қосымша, түсіндірмелік бөлімдер: құрғақтағы жол қатынастары, этаптар құру, жер аударылған бұратаналар, «Орта Орда даласына» орыс билігін тарату бөлімдерін әзірледі.
1822 жылы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды» басқару туралы жарғы, «Қырғыз-қайсақтарды» басқару туралы жарғы, Этаптар туралы жарғы, Жер міндеткерлігі туралы ережелер, Астық қорлары, шаруалар мен бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.
Өзгерістер қазақ руларының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды: даладағы жаңа үштаған – округ, болыс, ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін іс жүзінде жоқ етіп жіберуге тиіс еді. 5-параграф арқылы жаңа құрылым: ауыл – 50-70 шаңырақ, болыс – 10-12 ауыл, округ – 15-20 болысқа дейін болып белгіленді.
Жарғының 15-параграфында округтердің жекелеген бөлімшелерін басқарудың жаңа тәртібі белгіленді: ауылдарды – ауыл старшындары, болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді – аға сұлтандар бақсаратын болды.
Үкіметтің жергілікті номадтар жөніндегі саясатында оларды егіншілікке ынталандыру, бақташылық өмірді жою, олардың жер жыртуға көшуін көтермелеу маңызды бағыт болды. 177, 178-параграфтарда отырықшылыққа көшкендерге 15 десятинаға дейін жер учаскесін бөліп беруге рұқсат етілді, сұлтандар үшін 3 есе, ал старшындарға 2 есе жер бөлуге мүмкіндік берілді.
Жарғының 205-параграфында үш санатқа: қылмыстық, талап-арыздық және облыстық бақсармаға шағымдар бойынша сараланған сот жүйесінде өзерістер енгізілді. Қылмыстық істерге опасыздық, онау, барымта, белгіленген билікке көрінеу бағынбаушылық жатқызылды. 216-параграф тұтас алғанда қазақ ғұрыптары мен заңдары бойынша дістүрлі билер сотының мәні сақталды. 220-параграфта билер істерді негізсіз шеккен жағдайда оларды жауапқа тарту көзделді, оның үстіне көшпелілердің төменгі сот сатыларының шешімдеріне шағым жасау құқығы сақталды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. «Жарғы» бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі окруктерге жіктелді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметтің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады.
Аға сұлтандар 3 жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сұлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді.
Қазақ жеріндде жүзеге асырыла бастаған империялық әкімшілік-саяси реформа ақүйек топтардың ғасырлар бойы сақталған артықшылықтарына, билеп төсеуіне шек қойды. Бұған қарсы болған сұлтандардың бір тобы Ресей үкіметі саясатына қарсылықтарын ашық блідіріп, феодалдық-патриархалдық ттәртіптерді барынша сақтап қалуға тырысты. Хандық билікті қолында сақтауға талпынғандардың бірі Кіші жүз сұлтаны Арынғазы Әбілғазыұлы еді.
1822 жылы Орынбор губернаторы П. К. Эссеннің қатысуымен дайындалған Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғы бойынша Кіші жүз жеріне үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының бұл жылы бекітілмей қалуына да осы жай себеп болды. Ал Орынбор губернаторы 1824 жылы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаалсын шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктік қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандықты жойды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы 1801 жылы құрылған Бөкей хандығы ғана 1845 жылға дейін сақталды.