КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ

Мал өсіру – адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бірі. Қолға мал үйрету, археологиялық зерттеулерге қарағанда, тас ғасырының орта кезеңінде басталған. Бұдан кейінгі мал басын өсірудің едәуір қамтыған уақыты – қола дәуірі. Егер бірінші кезеңде мал үй жанынан онша ұзаққа шығармай бағылса, ал екінші кезеңде жайылымда болған. Темір дәуірінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды. Тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлау жартылай көшпелілікті көрсетсе, кейбір қыстаулардың маңында егін шаруашылығымен айналысушылық та болған. Шаруашылықтың мұндай түрлерін жартылай отырықшы мал өсіру деп атауға болады.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, VI-IX ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және Жетісудің оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Мәселен, қытай жылнамаларында Испиджаб қаласының аты кездеседі. Бұл қала Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, Сайрам деп аталған. Қалалар және олардың аймағындағы қыстақтар далалы аудандарындағы жартылай көшпелі мал өсірушілермен тікелей байланыста болған.

Қалалардың жүйесі үш бөліктен жасалған. Мұның өзі қала тұрғынарының әлеуметтік теңсіздігін көрсетеді. Қаланың орталық бөлігінде бай-шонжарлар тұрған. Олардың үйлері қаланың ортасына немесе бір шетіндегі биіктеу жерге ерекшелендіре салынған. Сырты дуалмен қоршалған. Орталық бөлікті қоршай орналасқан екінші дәрежедегі үйлерде тұрмысы орташа қалыптағы қала тұрғындары, қолөнер шеберлері орналасқан. Үшінші бөлік екіншінің сыртынан қоршай орналасады. Мұнда егіншілер, кедейлер тұрған.

Оңтүстік Сібір, Алтай-Саян, Қазақстан жерлерін ежлегі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде сөйлеп, көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Сондықтан да көне руналық жазу – түріктердің төл жазуы. Соңғы 30-40 жылдың ішінде Талас, Ертіс, Іле өзендері бойынан ежелгі түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ескерткіштердегі жазулардан оның тек билік иелері немесе мемлекеттер арасындағы байланыс аумағында ғана емес, орташ, қарапайым халық арасында да  кеңінен пайдаланылған.

Жалпы көне түрік тілінде 200-ден астам жәдігерлер табылған. Олардың мән-мағынасы ертедегі түріктердің өмірі туралы мағлұмат береді. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары. Бұлар – нағыз тарихи дастандар. Мұнда Түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген.

Археологиялық зертеулерге қарағанда ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылдық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Егер бұрын Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезеңде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.

Қалалық отырықшылық мәдениеттің қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсіресе оңтүстік-батыс Жетісудің орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақтан 36 қала жұрты табылған. Солтүстік-шығыс Жетісуден 70 қала жұрты ашылған.

ХІІ ғасырдағы бір жаңалық, бөлмелерде ошақ алдында ташнау болған. Ташнау деген бүгінгі көп қабатты үйлерде пайдаланып жүрген канализацияның қарапайым түрі. Ол үшін ошақ алдында тереңдігі екі-үш метр шұңқыр қазылып, оған түбі арнайы тселіген күбі құбыр орнатылады. Тесіктің үстінен қалыңдығы 4-5 см, төрт бұрышты күйдірілген кірпіштер төселіп, олардың тесігі астындағы күбі құбыр тесігінің тұсы ашық қалдырылды.

Кез келген халықтың материалдық мәдениеті сол халықтың шаруашылығына байланысты болады. XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының басым түрі мал шаруашылығы болды. Сондықтан да материалдық игіліктер мал басынан алынатын шикізат көзіне байланысты жазалып отырды. Мал шаруашылығы үй-жайдың көші-қонға ыңғайлы болуын қажет еткен. Қазіргі қазақ киіз үйі – сол бұрыннан келе жатққан материалдық мәдениеттің дәстүрлі жалғасы. Мұндай үйлердің сүйегін және оның сыртына жабатын үзік-туырлығын әрбір отбасы өздері жасап алып отырған.

ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, киіз үйлердің арба үстіне тігілген, жылжымалы түрлері де болған.

Материалдық мәдениеттің негізгі бір көрсеткіші тағам түрлері болды. Қазақ халқы сүттен алуан түрлі тағам жасай білген. Мәселен ХІІІ ғасырда Қазақстанда болған Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың сүттен қалай мал алатыны, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазған. В. Рубрук шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны олар «айран» деп атайтындарын жазады.

Рухани мәдениет – белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан-дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады. XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша тарады, ғылыми тілмен айтқанда фольклор түрінде дамыды.

Сәулет өнері Қазақстанда Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінеде өркендей бастаған еді. Оның басты дәлелі – Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі, Бабаджа-қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары. XIV-XV ғасыр аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша үлгісі – Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. Жазба деректерге қарағанда, кесенені салуға Әмір Темір 1397 жылы бұйрық берген. Күмбезді салудағы басты мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасында зор беделі арқылы оны піт тұтушылардың сеніміне ие болып, өз жағына тарту еді. Көрушілер орталық үлкен бөлме арқылы кесененің ішіндеі 35 бөлмені аралайды. Залдың ортасында 1399 жылы жасалған үлкен тайқазан тұр. Оған діни мейрам күндері тамақ жасалып, келген адамдарға тегін таратылған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *