Қазақстанның әлемдік экономиға ықпалдастығы

Қазіргі кезеңдегі еліміздің экономикасының жағдайы әрбір қазақстандықты толғандыратын мәселе болып отырғандығы белгілі. Әлемдік экономикадағы дағдарыс белгілері секілді келеңсіз жағдайлардан басталған 2008 жылдың бірінші жартысын төмендегідей факторлармен бейнелеуге болады.

Біріншіден, АҚШ-та басталып, несие нарығын «шалқасынан түсірген» қаржылық төлемпаздықтағы дағдарыс пен жылжымайтын нарықтың жұмысына кедергі болған ипотекалық сектордағы мәселелер.

Екіншіден, көптеген тауарларға бағаның көтерілуіне әсер еткен инфляциялық үрдістердің қарқынды дамуы. Бұл біріншіден, бидай мен мұнай секілді шикізаттық ресурстар нарығы мен негізгі азық-түлік тауарларын қамтыды. Аталынған бұрыс үрдістер жеке мемлекеттер қауіпсіздігімен қатар әлемдік көлемдегі энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін арттырды.

Жаһандану үрдісі мен халықаралық интеграция өзінің жағымды мағынасына қарамастан, әлемдік экономикадағы дағдарыстық жағдайдың ұлттық экономикаларда көрініс беруіне себепкер болды. Әрине, көрсетілген жағдайлардың әр мемлекетке түрлі деңгейде жағымсыз әсер еткені заңды құбылыс.

Осындай жағдайда ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен төзімділігін қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігі артады. Бұл дегеніміз сыртқы қолайсыз әсер етулерге қарамастан, адамдардың толыққанды өмір сүруіне қажетті барлық өнімдерді тұрақты және тоқтаусыз өндіру, бөлу, айырбастау мен пайдалану. Көрсетілген факторлар негізінен экономиканың даму деңгейі, оның сапасы және тағы да басқа макроэкономикалық үрдістерге байланысты болады.

Үкіметтің мәлімдеуі бойынша Қазақстан экономикасы өткен жартыжылдықта қажетті тұрақтылық пен жақсы өсім көрсеткен. Мысалы, ішкі кіріс өнім өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 % өсіп, Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігінің жоспарлаған 5-7 % мағыналық дәлізіне сәйкес келеді. Өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемдік индексі өскен. Сонымен бірге, өндіріс көлемінің артуы өңдеу өндірісі салаларынан басқа секторлардың барлығында орын алып отыр. Негізгі капиталға түсетін инвестицияның көлемінің де осы кезеңде артып, 12 % жеткендігін айтуға болады. Ал жұмыссыздықтың көрсеткіші өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 пайызға төмендеген.

Негізгі көңіл бөлетін жайт инфляцияның көрсеткіш деңгейі. Ол Ұлттық банктің мәліметінше 6 % төмен көрсеткішті қамтыған. Сонымен қатар, кейбір тұтынушылық тауарлары мен қызмет түрлеріне қатысты бағаның біршама өскендігі байқалады. Оларға көкеніс пен жеміс, нан өнімдері мен күріш тұқымдастар, дизель жағармайы және денсаулық сақтау мен көлік тасымалы секілді мекемелердің қызметтерін жатқызамыз.

Бағаның өсуі сыртқы сауда саласында да байқалды. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 52,14 млрд. америка долларын құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 40 % жоғары көрсеткіш байқатқан. Бұның ішінде, экспорт, яғни, ұлттық экономикаға шетел валютасының түсімі 50 % артып, 35 млрд. АҚШ долларын құраған.

Ұлттық экономикадағы жағымды нәтижелердің болғанына қарамастан, ел экономикасына әлемдік дағдарыстың келеңсіз әсерлері де болды. Бұл біріншіден елдің қаржы секторын қамтыды. Мысалы, еліміздің сарапшыларының пайымдауынша Қазақстан әлемдік қаржы өтемпаздығы дағдарысы жағдайында басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда қиын жағдайда болған. Бұл жағдай әлемдік төлемпаздық дағдарыстың басталуы мен біздің банктердің сыртқы қарыздарын өтеу мерзімімен сәйкес келуімен түсіндіріледі. Бұндай жағдай екінші дәрежедегі банктерге қауіп төндірумен қатар, әлемдік дағдарыс жағдайына еліміздің қаржы секторымен бірге ұлттық экононмиканың да тәуелді болуына алып келді.

Осыған байланысты, еліміздің Ұлттық банкі әлемдік қаржы нарығындағы жағдайдың нашарлауы мен банк өтемпаздығындағы жетіспеушіліктерге дер кезінде көңіл аударып, еліміздің қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында шара қолданып, екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді өтемпаздық жариялады. Қолданылған шаралардың арқасында еліміздің банк саласындағы тұрақсыздық қауіптері біршама төмендеді.

Ұлттық банк пен Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру мен оны қолайсыз үрдістерден қорғау мақсатындағы жоспарлары негізінен өсім көрсетіп отырған инфляцияға қарсы әрекеттер болды. Ал Ұлттық банктің 2008 жылдың шілдесінен бастап қайта қаржыландыру көрсеткішін 10,5 % төмендету туралы шешімі жылдың екінші жартысындағы инфляциялық қысымның төмендейтініне сенімділіктен туындаған.

Үкіметтің бағаны тоқтатуға қатысты саясатының негізгі құрамдас бөлігі ретінде Елбасының осы жылдың ақпанындағы Жолдауында айтылған еркін бәсекені дамыту мен қорғау мәселесі алынып отыр. Шаруашылық қызмет үрдісінде бәсекелестіктің болуы дегеніміз – бұл нарықтық экономиканы дамытудың принциптік іргетасы және әділ бағаны қалыптастыру тетіктерінің бір тұғыры.

Өткен жылғы тәжиірбе көрсетіп отырғандай, нарықтың түрлі секторлары: азық-түлік, энергоресурс, көмір, мұнай өнімдеріне бағаның көтерілу үрдісі байқалған кезде, бұл қауіп-қатерге қарсы дер кезінде шара қолдануға мемлекеттің басқару тетіктерінің жетіспейтіндігі байқаған. Сонымен бірге, кейбір секторлардағы бағаның жасанды түрде көтерілуі аталынған нарықта бәсекелестіктің жоқтығына байланысты орын алғандығы белгілі болды. Сондықтан да, бәсекелестікті дамыту тетіктерін жетілдіру қажеттілігі туындйды. Осы мақсатта үкімет жаңа «Бәсекелестік туралы» заң жобасын дайындау жұмыстарын аяқтауға жақын қалды.

Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін мәселелердің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Осы мәселеге мүдделі тараптар – Ауыл шаруашылық министрлігі, Төтенше жағдайлар министірлігі, Азық-түлік корпорациясы және тағы да басқа мекемелер өткен жартыжылдықта негізгі азық-түлік қорларын сақтауға көмек болатын «тұрақтандыру жастығы» атты қажетті резервті жасақтауға қатысты жұмыстар жүргізді.

Елбасының Астананың айналасында «азық-түлік белдеуін» құру туралы тапсырмасын жүзеге асыру өзінің қисынды жалғасын тапты. Алматы қаласының тұрғындарын азық-түлік қорларымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында үкімет осындай белдеуді еліміздің ең ірі елді мекені айналасында да құру туралы шешім қабылдады.

Мемлекетіміздің экономикасының тұрақты және толассыз қызметін қамтамасыз етудің қажетті, негізгі буыны 2000 жылы Президенттің қаулысымен құрылған Қазақстанның Ұлттық Қоры екені даусыз. Ол республикалық бюджеттің шикізат тауарларына қатысты әлемдік баға конъюктурасына тәуелділігін төмендетуге арналған.

Мұнай секторынан түсетін кірістер Ұлттық банктің арнайы шоттарында шоғырланады. Бұл қаржылар Ұлттық банктің жоғарғы төлемпаз құралдары арқылы шетелдік активтерге салынады. Ұлттық қордағы бұл қаржының көлемі 2008 жылдың қарашасы қарсаңында 2733,4 млрд. тенгені құраған.

Сонымен қатар, аталынған қор тұрақтылық қызметпен бірге қаржыны шоғырландыру арқылы болашақ ұрпаққа арналған қаржы қорын да жасайды.

Соған қарамастан, экономикалық және жалпы мемлекеттегі тұрақтылық ішкі әлеуметтік мәселелердің қалай шешілгеніне тікелей қатысты болады. Сондықтан да, мемлекеттің қызметінің басым бағыты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру болып қалады.

Мемлекеттің жоспарлаған ұзақ мерзімді әлеуметтік басымдықтары өмір сүру деңгейінің төмендеуін тоқтату мен халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге қатысты шаралардың айқындалуына себеп болды. Олардың қатарына: халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, мектеп және мектеп жасына дейінгі білім жүйесін жетілдіруге, жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін көтеру және тағы да басқа мәселелерге қатысты жобаларды жатқызуға болады.

Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы бөлінген қаржыны уақытында және тиімді пайдалануды жүзеге асыруы негізгі мәселе болып табылады. Өкінішке орай бұл салада қазірге шешілмеген мәселелер көп. Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, бірінші жартыжылдықтағы іске жаратылмаған бюджет қаржысы 41,5 млад.тенгені құраса, оның ішінде тек 4,9 млрд.тенге ғана объективті себептерге қатысты пайдаланылмаған. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы мұндай келеңсіздіктер экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейінің өсіміне кедергі келтірумен қатар, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне де зиянын тигізуде.

Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруге қатысты бағдарламаларды жүзеге асыру аясында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, мектептер мен ауруханалар салу, коммуналды-тұрмыстық шаруашылықты жаңарту, артта қалған аудандарды кешенді түрде дамыту секілді мәселелер өзектілігін жоғалпауы керек.

Жергілікті жерлердегі мәселелерді шешудің негізгі талаптарының бірі – жергілікті басқару органдары мен жеке кәсіпкерлік құрылымдардың өзара серіктестігіне негізделген нәтижелі жүйелер құру мен олардың қызметінің дамуына қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Аталынған серіктестіктердің өзара тиімді болуы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін фактор болатыны туралы түсінік орынды деп саналады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты басынан бастап экономикалық тұрақты дамудың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын халықтың өмір сүру деңгейін біртіндеп жақсартуға пайдалануға негізделген. Әлеуметтік саясаттың бұндай ұлттық үлгісі халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі мен еңбек қатынастарын реформалауға, зейнеткерлік жинақ жүйесіне көшуге, әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрлерін енгізуге, әлеуметтік көмек көрсетудің нақты жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Осылайша, төзімді және тұрақты экономика арқылы дамудың стратегиялық мақсаты мемлекетіміздің гүлденуі ғана емес, ең негізгісі – Қазақстан азаматтарының жағдайын жақсарту болып табылады. Мемлекетіміздің Президенті айтып өткендей, бұл өзгерістерді әрбір қазақстандық өз өмірінен сезінуі керек.

Үкіметтің тұрақтылықты қамтамасыз ету мен дағдарысқа қарсы шараларының кешені негізінде Қазақстан экономикасы болашақта тұрақты даму көрсетіп, сыртқы қолайсыз әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға жетеді деп сенеміз. Бұл стратегиялық мақсаттар міндетті түрде жүзеге асырылуы керек.

 

Бекіту сұрақтары:

  1. Қазақстан экономикасы қандай экономикалық дағдарыстарды басынан өткізді?
  2. Экономикалық дағдарыстан шығуда қандай реформалар жасалынды?
  3. Қазақстан экономикасындағы импорт пен экспорт үлесі қандай?
  4. Қазақстан қандай бүкіл әлемдік экономикалық ұйымдарға мүше?
  5. Қазақстан экономикасындағы негізгі басымдықтар қандай салада?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *